Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
Материалы отфильтрованы по дате: Сәрсенбі, 15 Қазан 2014

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (ҒЗТО) «Дінтану сараптамасының өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Сәрсенбі, 15 Қазан 2014 10:55

Ислам және эмбриология (1)

Мұсылман ғалымдарынан құралған «Жауабын іздеген мұсылмандар» деп аталатын арнаулы топ жасақталып, Йемендік әйгілі ғалым, шейх Абдолла Мәжид Азиз Данидың (Sheikh Abdul Majid Aziz Dani) басшылығында әр сала ғылымына қатысты Құран аяттары мен сахих хадистер жиналды.

Категориясы Ислам және ғылым
Сәрсенбі, 15 Қазан 2014 10:07

Қажылар елге оралуда

14 қазан. Астана. E-islam.kz – Қажылар елге оралып жатыр деп хабарлайды e-islam.kz тілшісі.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Белгияда 65 жастан жоғары кісілерге арналған эротикалық кеш қайғылы жағдаймен аяқталды.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 15 қазан. E-islam.kz - "Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулерге келісімін берді. Осылайша, Парламент аталған заңды қабылдап отыр. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады" деп хабарлайды "Қазақпарат".

Құжаттың мақсаты - экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру. Бұл ретте құжат мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін, құқықтары мен міндеттерін нақтылауға бағытталған ережелерді қарастырады. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жекелеген өкілеттіктер жергілікті деңгейге берілді. Сонымен қатар, бұл заңмен экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымдар туралы деректерді, осындай құқық бұзушылық жасаған адамдарды, экстремистік және террористік мазмұндағы ақпараттық материалдарды есепке алудың арнайы нысанын енгізу көзделеді. Белгілі бір ұйымды сот тәртібімен экстремистік немесе террористік деп танудың жеңілдетілген жолы қарастырылады. Бұған қоса, соттың шешімі шыққан бойда орындалады. 

Тоқтала кететін жайт, Сенат Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына төрт түзету енгізген болатын. Бұлар негізінен редакциялық нақтылау сипатында болып табылады. Мәселен, заң жобасында қаржы полициясы органдарына экстремизм мен терроризмге қарсы белгілі бір өкілеттіктер беру ұсынылған болатын. Алайда, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, қаржы полициясы органының функциялары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің жаңадан құрылған экономикалық тергеу қызметіне беріледі. Сенаторлар енгізген түзету негізінен осы бағытта болып отыр. Мұндай түзетулерге Мәжіліс өз келісімін беріп отыр.

 

Категориясы Басты жаңалықтар

АСТАНА. 15 қазан. E-islam.kz - Еуропа мемлекеттері өз азаматтарының "ИШИР"-ге шатылып, шатылмағанын тексеру барысында жаға ұстатар жағымсыз жайтқа көз жеткізді.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 15 қазан. E-islam.kz - ҚР-ның Бас прокуратурасы "Ат-такфир уаль-хиджра" халықаралық ұйымын экстремистік деп тану туралы шешімін жария етті. 

АСТАНА. 25 қыркүйек. E-islam.kz - Жастар проблемасы қай заманның да күн тәртібінен түспеген. Кейінгі буынның мәселесі қазір де бары рас. Олардың, әсіресе, жат ағымдардың жетегінде кетіп, ұлты мен дәстүрінен алшақтап бара жатқаны қоғамды алаңдатады. Әр егде көңілге ұялаған осы қамды тереңінен қаузамақ ниетпен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханды әңгімеге тартқан едік. Дін қызметкерімен сұхбатымыз былай өрбіді...

Категориясы Сұхбат

 

 

 

Көпэтникалы, көпконфессиялы елміз дейміз, ал дін туралы заңымызда «ханафи бағытындағы ислам мен православиенің тарихи рөлі танылады» деп жазулы тұр. Бұларды қалай түсінуге болады?

Категориясы Сұрақт-жауап

АСТАНА. 15 қазан. E-Islam.kz – «Қазақстанда Эбола қызбасының табиғи ошақтарының тамыр жаюы және эпидемиялық таралуы үшін ешқандай жағдайлар жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев мәлім етті.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Page 1 of 2

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper