Марат Әзілханов: "Саясаткерлер мен дін қайраткерлерінің үні қатар шықса ғана, дінмен бүркемеленген қылмыстардың жолы жабылады"

Бейсенбі, 18 Қыркүйек 2014 13:02

Бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ХІІІ хатшылығы өз жұмысын сәтті қорытындылады.

V съезд бен оның сессияларының тақырыбын таңдаған жиын қатысушылары сөз соңында алда өтетін жиынның жұмысына табыс тілеп, ұйымдастырушы тарапқа жылы лебіздерін білдіріп жатты. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М. Әзілханов V съезд көтеретін тақырыптың маңызына тоқтала келе, "Шыны керек, қазіргі уақытта әлемде орын алып отырған зорлық-зомбылық, террозим мен экстремизм үдерістері діни сипат алғаны мәлім. Осы айтылғандардың қай-қайсысы да дінмен бүркемеленген. Егер біздер дін және саяси қайраткерлер арасындағы диалогты орната алсақ, аталған мәселенің алдын аламыз" деп нақтылады. Ал, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің өркениетті ортасы туралы: "Біз бұл алаңды не үшін ұстап отырмыз? Үнімізді көптің құлағына жеткізу үшін. расында да дін қайраткерлерінің үні көптің құлағына жете бастады. Өткен төртінші съезде 15 беделді дін қайраткерлерінің мүшелігімен кеңес құрылды. Ол арқылы да беделіміздің арта түскені бар. Айталық, әлемде мыңдаған кісі бас қосып, миллиардтардың мәселесін ортаға салып, бірлесе ортақ шешім шығаратын кең шеңберлі алаңдар өте аз. Әр съездің өзінің орасан жүгі болды. Осы алаңымызда шешім тапқан мәселелер мыңдаған жүректі жылытты. Жылдан жылға осы қарқынымыздан танбасақ, біздің мақсатты жолымыз кеңейе түседі деп ойлаймын" деп түйді. Сөз соңында вице-министр "Біздің V съезд адамзат мәселесін көтерген диалогтардың тереңдей түсуіне, біздің орта өзара түсіністік, өзара құрмет ұғымдарын ту ете отырып, алға жылжи беретініне сенемін. Осы мақсатты тек дін қайраткерлері ғана емес, дін және саясаттың көрігін қыздырып жүрген тұлғалар бірлесе еңсеретіне сенімім мол" деп, келер жылғы съездің жұмысына сәттілік тіледі.

Ескерте кетейік, бүгінгі ХІІІ хатшылық қабылдаған үндеуге сәйкес, 2015 жылы 10-11 маусымда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі әлемнің бейбітшілік және даму жолын діни лидерлер мен саясаткерлер арасында талқылап, адамзат алдындағы жауапкершілік, діннің жастарға ықпалы, дін және саясаттағы жаңа үрдістер мен перспективаларды миллиардтар назарына ұсынатын болады.

E-islam.kz

Оқылды 229 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қыркүйек 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Құран (аудио)

JoomShaper