Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
Материалы отфильтрованы по дате: Дүйсенбі, 20 Қазан 2014
Дүйсенбі, 20 Қазан 2014 09:59

Текті жар іздесем айып па?

Қайырлы күн, Айнұр ханым! Алдын ала ыңғайсыздау сұрағым үшін кешірім сұраймын. Сұрағым жеке бас мәселесіне қатысты. Сізді сырттай танимын, білемін. Сізді әлеуметтік желілерден таппадым. Негізгі сұрағым мынадай. Мен интеллекті жоғары, қазақы биязылық сипатқа ие, ибалы, Өзіңіз білетін қыз-келіншектерді өмірлік жар ретінде ұсына алатын білген кісілеріңіз бар ма? Маған қатысы не деп сұрауыңыз анық. Дегенмен, жоғары айтқанымдай сіз маған үлгі мен тұлға ретінде ұнайсыз. Іштегі арман-мақсатым, реңі келмесе де тұлғалық қасиеті сізге ұқсайтын қазақ қыздарымен отау тіккім келеді. Түсіністік танытқаныңыз үшін алдын-ала рахмет! Сұрағымның жауапсыз қалмауын Алладан сұраймын. (Рашид Оспанұлы)

Категориясы Сұрақт-жауап

Пайғамбарымызға салауат айтудың пайдалары қандай? Не үшін Пайғамбарымызға салауат айту қажет?

Категориясы Сұрақт-жауап

Ислам шариғатында Құран және хадистер тұрғанда қияс жасаудың не қажеті бар? Қияс жасаймын деп адамдардың дінді бұрмалап жіберуі мүмкүн ғой. Жалпы қиястың өлшемдері қандай болуы керек?

Категориясы Сұрақт-жауап

Көзі тірісінде жаннатқа баратындықтары айтылған сахабалардың саны он ғана ма? Олар неге өзгелерден бөле-жара аталған?

Категориясы Сұрақт-жауап

АСТАНА. 20 қазан. E-islam.kz - Германия федералды республикасының Бас прокуратурасы "ИШИР" және "Ахрар әл-Шам" лаңкестік топтарына ерекше қолдау көрсеткен екі ер адамды ұстады. Оның бірі ресейлік азамат. 

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Дүйсенбі, 20 Қазан 2014 08:25

Елбасыға көне Құран көрсетілді

АСТАНА. 20 қазан. E-islam.kz - Елбасы Н. Ә. Назарбаев  Миланда «Азия-Еуропа» форумы саммитінің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін қаланың көрнекті орындарын аралады. 

Категориясы Басты жаңалықтар

 АСТАНА. 20-қазан. E-islam.kz – "Өздеріңізге белгілі, біздің елімізде Елбасының бастауымен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі 1992 жылы өткізілді. Содан бері түрлі конфессия өкілдері мен дінтанушы-ғалымдар дін саласындағы әртүрлі мәселелерді жан-жақты талқылау мақсатында және дінаралық диалог пен келісім жөнінде келелі әңгімелер қозғау үшін бір үстел басына жиналуы бүгінде дәстүрге айналды" деп атап өтті форумның ашылуына келген ҚР Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Бақытжан Кенесұлы.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Дүйсенбі, 20 Қазан 2014 06:16

Сатанистердің ізі қалыпты

АСТАНА. 20 қазан. E-islam.kz - Ақтөбеде сектанттардың діни жоралғыларын өткізетін орын табылды. Бес жасар Темірланды іздеуге шыққан еріктілер соған тап болып, жағаларын ұстап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Дүйсенбі, 20 Қазан 2014 06:13

Ислам және эмбриология (2)

«Нүтфәһтан» (болмашы сұйықтық) жаратылады

 

Қасиетті Құран Кәрімде адамзаттың «نُطْفَة» (нүтфәһтан) жаратылғаны жайлы ең аз дегенде 11 рет айтылады. «Нутфаһ» араб тілінен аударғанда «болмашы сұйықтық», «ыдыстағы сұйықтықты төккенде қалған бір тамшы сарқын» деген мағыналарды білдіреді. Бұл туралы қасиетті Құранда:

«...Әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан, тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық...» (Құран, «Хаж» сүресі. 22: 5 аят).

«Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. (13)» (Құран, «Мүминун» сүресі. 23: 13 аят)

Бүгінгі таңдағы ғылым шамамен 30,000,000 аталық ұрықтың ішінен ұрықтануға бір ғана ұрық қатысады. Бұл атылық ұрықтың небәрі 0.00003%-нің ғана ұрықтану орайы бар деген сөз. Демек, адамзат шын мәнінде «болмаш ғана» тамшыдан жаратылады деген сөз.

 

«سُلَلَة» (Сүләләһ)-сүйық жәуһәр

 

«Сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты». (Құран. «Сәждә» сүресі. 32:8-аят)

Араб тілінде «سُلَلَة» (Сүләләһ) сөзі «жауһар, шұрай, мәйек» немесе «бір тұтас нәрсенің ең жақсы бөлігін» деген мағыналарды білдіреді.

Біздің білгеніміздей ер адамнан неше ондаған миллион ұрық клеткасының ішінен бір ғана аталық ұрық клеткасы жатырдағы аналық ұрықпен қосылып дамиды. Міне осы бір ғана ұрық клеткасы нағыз «жауһар» емес пе? Ал, аналық ұрықтан да неше жүз миллиондаған аналық ұрық клеткасының ішінен біреуі ғана аталық ұрықпен ұрықтанады. Бұл бір ғана аналық клетка нағыз «жауһар» болмай ма? (аналық ұрықтың ішіндегі сүләәләһ емес пе?)

Бұл сөздің жоғарыдағыдан басқа «әкелуші» деген мағынаны да береді. Міне, жалғыз тал аталық ұрық клеткасы ер адамның шауһатын әйелдің аналық ұрығы бар өрбу сұйықтығына бастап келеді. Ұрықтану барысы аяқталғаннан кейін аталық ұрық болсын, аналық ұрық болсын біртіндеп әуелгі сұйық заттан ажырап шығады.

 

نُطْفَةٍ أَمْشَاج  (нүтфатин әмшәәж) -Біріккен тамшы

 

«Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық...». («Инсан» сүресі, 76:2 аят)

«نُطْفَةٍ أَمْشَاج» сөзінің араб тілінен аударғандағы мағынасы «біріккен тамшы» «араласқан сұйықтық» мағынасын береді. Құранның тәпсірінде түсіндірме жасап «біріккен тамшылар» аталық ұрық пен аналық ұрықты меңзейді делінген. Аталық және аналық ұрықтары араласқанда тек қана нүтфәһтары ғана ұрықтанады.

Біріккен тамшы тағы шауһатты да меңзейді. Өйткені, шауһат көп түрлі безден бөлініп шыққан сұйықтықтан жинақталып, қалыптасады.

Осыған байланысты нүтфәтин әмшәәж да біріккен болмашы сұйықтық. Ер-әйелдікінен біріккен ұрық (ұрық сұйықтығы немесе біріккен жасуша) және соның төңірегіне жиналатын ұрық жасушалары.

 

ЖЫНЫС ПАРҚЫН БЕЛГІЛЕУ

Іштегі нәрестенің жынысының қалыптасуы аталық ұрыққа байланысты. Жыныстық хромосома 23 жұп хормосомадан құралады да, ХХ немесе ХҮ болып іштегі нәрестенің жынысын белгілеуге қатысады. 

 Аналық ұрықта қашан да Х хромосомасы болады. Ал аналық ұрық аталық ұрыққа жолыққаннан кейін, аталық ұрықтың құрамындағы мәйек Х хромосомасы болса бұл жұп хромосома ХХ болып, нәресте қыз болады, егер аталық ұрықтағы мәйек Ү хромосомасы болса, бұл жұп хромосома ХҮ болып, нәресте ұл бала болмақ.

«Шүбәсыз Алла, ер, әйелді жұп жаратқан. Тамызылған бір тамшы “мәни” суынан.»  («Нәжм» сүресі, 45-46 аяттар)

«Ол, (жатырға) тамызылған бір тамшы мәни емес пе? Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты.» («Қиямә» сүресі, 37-39 аяттар)

Бұл Құран аяттарынан нәрестенің жынысы ер адамның спермасына байланысты екенін айқын білуге болады.

Индия түбегінде қайын енелер үнемі немерелерінің қыз емес, ұл болуын армандайтын, осыған байланысты келіндері қыз тапса, олар үнеміз келіндерін жазғыратын.

Олар туылған баланың ұл не қыз болуын ерлердің спермасы белгілейтіндігін білсе ғой! Егер біреуді жазғыру керек болса, келіндерін емес ұлдарын жазғырар еді ғой. Бұл біздің қазақтардың ішінде де кездесіп жататын құбылыс.

 

НӘРЕСТЕ ҮШ ҚАБАТ ҚАРАҢҒЫЛЫҚПЕН ҚОРҒАЛАДЫ

«Және сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты.» («Зүмәр» сүресі, 6 аят)

Кис Моурдың түсіндіруі бойынша, бұл үш қараңғылық мынау:

  1. Ананың құрсағы (қарны)
  2. Жатыр.
  3. Нәрестенің шаранасы.

Профессорды таң қалдырған ғылыми шындық бізді де ойландырмай қоймасы анық. Құран мен хадисті күстәналаушылардың алдына тартылған қуатты дәлелдер, әрбір пенде үшін әлемде тіршілік ететін қандай да бір мақұлықтың жаратылысы Ұлы да, Құдретті Алла Тағаланың шеберлігімен, Хикіметімен жасалғанын түсіндірсе керек.

(Жалғасы бар)

Оразбек САПАРХАН

Категориясы Ислам және ғылым
Дүйсенбі, 20 Қазан 2014 05:06

20 экстремист тұтқындалды

АСТАНА. 20 қазан. E-islam.kz - Тәжікстан полицейлері 20 экстремист тәжікті осы елдегі екі тоннельді жаруды жоспарлады деген айыппен құрықтағанын хабарлады.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Page 1 of 2

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper