Интернетті Ислам игілігіне икемдейік

Сәрсенбі, 13 Қараша 2013 16:34
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Интернетті Ислам игілігіне икемдейік Ислам – мейірімділік пен ізгілік діні. Алланың хақ жолына түсіп, ізгіліктің қайыр-шапағатын сезінген иманы күшті азаматтың рухы биік болады. Ол өзінің отбасы мен Отанының игілігі үшін аянбай қызмет етеді. Біздің тәуелсіз жас мемлекетімізге рух-жігері мықты иманды азаматтар қажет. Ол үшін олардың бойына ақпарат құралдары арқылы имандылықтың дәнін егу ләзім. Бүгінде асыл дініміз Исламды интернет арқылы насихаттаудың мол мүмкіндігі туды. Е-Ислам интернет порталы ел мұсылмандарының бірлігі мен ынтымағына, имандылығына қызмет етіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен имамдардың игілікті істері мен сауапты шараларын интернетте паш етуге үлес қосады деген сенімдемін. Ең бастысы, имандылықты ту еткен халқымызды діни-ағартушылық һәм танымдық бағытта пайдалы ақпараттармен, сараптамалық мақалалармен сусындатады деген ойдамын. Портал қызметкерлерінің осынау сауапты да жауапты ісіне, қайырлы қадамына сәттілік пен қажырлылық тілеймін. Жаратушы Иеміз жұмыстарыңызға жар болғай! Алла тағала еліміздің бірлігі мен ынтымағы, имандылығы жолында жасап жатқан игі істеріңіздің берекесін бергей! Әмин!
Оқылды 29 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Құран (аудио)

JoomShaper