Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі

Дін туралы заңымыздағы кейбір мәселелерді түсіндіріп берсеңіз

Сәрсенбі, 15 Қазан 2014 05:11

 

 

 

Көпэтникалы, көпконфессиялы елміз дейміз, ал дін туралы заңымызда «ханафи бағытындағы ислам мен православиенің тарихи рөлі танылады» деп жазулы тұр. Бұларды қалай түсінуге болады?

- Әңгіме заңға қатысты болған соң бұл орайда заң тілімен жауап беруге тура келеді. Көпэтникалы және көпконфессиялыерекшелігімізге сәйкес еліміздің Ата заңынан бастап, барлық тиісті заңнамаларында әрбір ұлттың тілінің, сенімдері мен дәстүрлерінің, құндылықтарының қорғалатыны, дамуына мүмкіндік берілетіні, Қазақстан азаматтарын ұлттық, нәсілдік, діни қатыстылығына байланысты кемсітушілікке жол берілмейтіні айқындалған. Дегенмен ұлттың жеке тұлғалардан құралатыны белгілі, ал әрбір тұлғаның құқықтары мен бостандықтары заң жүзінде жеке қорғалады. Ата заңымызға сәйкес мемлекеттің ең басты құндылығы – адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Сондықтан заңнама нормаларына сәйкес заңдық қатынастардың негізгі субъектісі ұлт емес, жеке тұлға.

Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік дін саясатының негізгі қағидалары мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі, ешбiр дiннің мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейтіні және барлық діни бірлестіктердің заң алдында теңдігі екендігі белгілі. Осы орайда көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан жағдайында мемлекеттік дін саясатына қатысты пайымдауларда біз бір мәселені назардан тыс қалдырмауымыз қажет.

Көп ұлттылық және содан туындаған көп конфессиялылық – біздің таңдауымыз емес, тағдырымыз. Отарлық және кеңестік саясат пен тарихи үдерістер салдарынан қазақ жеріне сан алуан ұлттардың қоныстануы біздің тағдырымызды сол ұлттармен ортақтастырды. Сыңаржақ саясаттан туындаған сын-тегеуріндерді еңсере отырып, сан ұлтты саясына сыйғызған қазақ ұлтының мәмілегер мінезінің арқасында біз бүгінде біртұтас Қазақстан халқына айналдық. Мәдени байлығымызды молайтып, мақтанышымызға айналған сол ұлттардың тағдыр-талайы ғана емес, салт-санасы, наным-сенімі де қазақ халқына аманат болып отыр. Сондықтан біздің өзге заңдарымыз секілді дін туралы заңнамамыз да сан ұлттың сенімін түгел ескеріп, ұлтына, дініне қарамай, ешкімнің мүддесіне нұқсан келтірмеуге әрі ешкімнің заң талаптарын бұзуына жол бермеуге күш салған заңдық құжат болып табылады.

Дін мемлекеттен бөлінгенімен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. Себебі дін – тек сенімдік ұғым емес, ол – рухани мәдениет феномені, халықтың тарихы, мәдениеті, дүниетанымы. Осы орайда қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына негіз болған, оның құралуы мен сақталуы үшін ғасырлар бойы қаны мен терін төккен, рухани-мәдени құндылықтарын қалыптастырған, дамытқан, қорғаған, елдің шекарасын ғана емес, рухын да сақтаған қазақ ұлтының дәстүрлі дінінің заңнамада айшықталуы ешбір азаматтық қоғам қағидаларына қайшы келмейді. Сондықтан Қазақстанның дін туралы заңнамасына халық мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның тарихи рөлі танылатыны жөніндегі түсінік енгізілген. Біздің жағдайымызда ислам тек қазақтардың ғана емес, Қазақстан жеріндегі көптеген ұлттар мен ұлыстардың ата діні болуымен де маңызды. Сонымен қатар соңғы үш ғасырлық тарихы бізбен ортақ христиан дініндегі бірқатар ұлттардың сенімдік бағыты – православие де Қазақстан халқының елеулі бөлігі ұстанатын дәстүрлі дінге айналып үлгергені – бүгінгі күннің шындығы. Сондықтан бұл шындық та нақты қажеттілікке орай заңнамада көрініс тапқан деп түсінген жөн.

 

 

 

Оқылды 423 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper