Әдепсіздік кеші қайғымен аяқталды

Сәрсенбі, 15 Қазан 2014 08:17

Белгияда 65 жастан жоғары кісілерге арналған эротикалық кеш қайғылы жағдаймен аяқталды.

"Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар" деп қазақ бекер айтпаса керек. 200-ге тарта қартамыстар ойнақ салған кеш 7 адамның жанын жалмады. Оның бесеуі жүрек талмасын алса, екеуі өкпе рагінен көз жұмған. "Жылдың ең үздік мерекесі" деген атаумен жарнамаланып, Шарлеруа қаласында өткен айтулы жиын әдепсіздік кеші ретінде әлем халқына таныс. Биыл 11 қазанда өткен кезекті "жынойнақ" кезінде арнайы дайындалған екі дәрігер кәрі қызыққуғыштардың бір реттен бірнешеуінің көмекке мұқтаж болғандығы себепті жергілікті жедел жәрдем қызметіне жүгінуге мәжбүр болған. Топтанып жаман әрекетке барған сәттерінде жасы жетпісті алқымдаған ондаған кісі өздерінің жағдайы нашарлағанын айтқан. Оның төртеуі оқиға орнында көз жұмса, үшеуі ауруханада қайтыс болған. 

Оқылды 232 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper