Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
Материалы отфильтрованы по дате: Бейсенбі, 02 Қазан 2014
Бейсенбі, 02 Қазан 2014 11:50

Бас мүфти қариялар батасын алды

АСТАНА. 2 қазан. E-islam.kz - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы ардагерлер үйінде болды.

Категориясы Басты жаңалықтар

 Меккедегі бесінші күн немесе "мынау тұрған Меккеге, мың барам ғой, қаласам"

Енді жарты сағатта, Меккенің үстінен ұшып өтеміз. Иә, талайымызға бұл Тәңірдің тартуы. Бізден де тақуа мыңдаған адам елде қалды. Соларға қажылық жасау бақыты бұйырмапты.

Мың метр биіктікте имам осылай уағыз айтып, қажылыққа келе жатқан жұртты ұйытып отырған. Анадай жерде отырған, мес қарын бір кісі, ажырая бір қарады да:

- Мынау тұрған Мекке. Мың барам ғой, қаласам! Не болды сонша? Самолетпен ұшып келе салатын жерді сонша мақтап? - деп ұрсып берді.

Қажылар шулап кетті. Уағыз ұнамаса жайыңа отыр,-десті. Не керек, ұшағымыз Жидда қаласына келіп қонды. Елшіліктің адамдары қарсы алып, жарты сағатта автобус келерін айтты. Осы уақыт аралығында, Саудия елі жайлы, мұндағы жұрттың тыныс-тіршілігі хақында біраз тың деректер естідік. Бізге жол көрсетіп жүрген араб жігіт: - Жидда қаласы Қызыл теңіздің жағасында орналасқан шаһар.

Осылай деп, ГИД аузын жиып болғанша, ұшақта шу шығаратын ағамыз: - Теңіз жақын болса, шомылып қайтпаймыз ба,-демесі бар ма?! Ол кісі үшін, мен ұялып кеттім. Ағамыз, қажылыққа келгенін ұмытып кетті-ау деймін...

Араб жігітте, мұндайлардың талайын көрген пысық болып шықты. Сәл кідірді де, сөзін әрмен қарай жалғай түсті.

Бұл шаһардың тарихы өте қызық. ХVII ғасырда, Үндістанды жаулап алған португалдар, Қызыл теңізге қарақшы кемелерін көптеп жіберіп, мұсылмандардың сауда кемелеріне шабуылдай бастады. Қолға түскен араб тұтқындардан, Мекке қаласы һәм Медина шаһары жайлы естиді. Соңғысында пайғамбарымыздың денесі жатқанынан құлағдар болады. Португалия ол кезде – Исламның хас жауы еді. Испания жерінде Кородова халифатын талқандап, ондағы мұсылмандарды қырып жойғанда, осы мемлекет еді. Португалдар, мүминдердің қос жұлдызы, екі қаланы қирату керек деп шешім қабылдайды. Сөйтеді де, 2 мың кеменің желкенін керіп, осы Жидда қаласына дейін жетеді. Португалдардың табаны жерге тисе, таяқ тастам жерде Мекке, әудем жерде Медина жатыр,-еді. Олардың арманы орындалғандай еді. Сол замандарда, бұл араб жазирасы Мысырдағы Мамлюктердің билігіне бағынатын. Мамлюктер өздерінің туысы, сол жылдары құдіреті тасып тұрған Осман империясынан көмек сұрайды. Түріктер жедел жетіп, Жидда портында байлаулы тұрған бүкіл сауда кемелерін әскери кеме етіп, қайта құрайды. Бірақ, кеме саны бәрібір аз еді. Португалдар 2 мың желкенмен келсе, біздікілер бар-жоғы 300 кемемен қарсы шықты. Қарақшылар, егер мұсылмандардың флотилиясын талқандар болса, қос қаламызды қиратып, пайғамбарымыздың мүбарак денесін қазып алып, Лиссабонға әкетпек еді. Алла сақтады. Тең емес соғыста, біздің әскер жеңді.

Араб жігіт, талай қызықты айтып берді. Автобусымыз да келіп, бүкіл қажы сонда мініп, Меккеге қарай тартып кеттік. Лайбайка Аллаһума лабайк. Осыла дұғаны айтып, шаһар ішіне кірдік. Қала кіре берісіндегі «ONLY MUSLIM» деген жазуды көріп, жүрегім өрекпіп кетті. Мұсылман болғаныма қуандым. Не керек, қонақ үйге де жайғастық. Әлгі, мес қарын, бизнесмен ағам, менімен бөлмелес болды. Заттарымызды қойып, дәретімізді жаңартып, Әл-Харамға шыға бергенім сол еді. Жанымдағы көршім баж ете қалды.

– Ішім ойбай. Ішім бүріп барады,-деп туалетке қарай жүгірсін. Жарты сағаттан соң шығамын деді. Күттік. Бүкіл жұрты оны 2 сағат тосты. Сосын, соңымыздан қуып жетіп алар,-деп жүріп кеттік. Міндеттелген рәсімдерді орындап, кешке келдік. Әлгі көршім әлі дәретханада отыр. Ағамыздың үш күн, үш түні туалетте өтті. Сосын жағдайы қиындай бастағасын, әл-Харам мешітінің қабырғасында көрмеген күйі елге қайтты...

Іштей, астамшылыққа салып еді, Жаратушы жазасына душар болған ғой,-деп ой түйдім.

                                   ***

Имам ағамыздың Меккеден қайтып бара жатқанда айтқан уағызы есімде қалып қойыпты. Бір адамдар болады. Өмір бақи жақсылық жасайды. Бірақ оның жақсы амалдары аз болып, Жұмаққа түсуге жетпей қалуы мүмкін. Сол үшін Алла ол пенденің сауабы молайсын,-деп қажылық жасауға мүмкіндік береді. Ол мұнда келгесін намаз оқиды, жұртқа көмек береді. Бұл жердегі бір жақсылықтың сауабы мың еселенеді. Бір намаз 100 мың намазға тең. Осындай мол олжамен әлгі бауырымыз туған еліне қайтады. Түптің түбінде ол кісі Жұмақы болады.

Енді бір адамдар болады. Өмір бақи жамандық жасайды. Күнә істейді. Бірақ, оның күнәсі Тозаққа түсуге жеткіліксіз. Сол кезде, ол кісіні Алла Меккеге жолын түсіріп қояды. Ол мұнда келеді. Қалаға тіл тигізеді. Ұрлық жасайды. Адамдарды балағаттайды. Әл-Харам мешіті – күнә істер былай тұрсын, пайдасыз әрекет жасауға тиым салынған аймақ. Мұнда жәндік өлтіруіңе болмайды. Харам етілген. Бір күнә мұнда мың еселенеді. Әлгі кісі қажылықты аяқтап, еліне қайтқанда, өзімен бірге миллион күнә арқалай кетеді. Ол түптің түбінде тозаққа лайық болып қалады...

P/S: Қажылықта жүрген ағайынға айтарым. Мейлінше сабырлы болыңыздар. Артық әрекетке бармаңыздар. Себебі – Қағба ірге тепкен жер – күнә былай тұрсын, бос іс жасауға тиым салынған аймақ.

Нұрбек Бекбау

Категориясы Қажылық
Бейсенбі, 02 Қазан 2014 10:29

Ұлт пен дін

Қоғам – бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынас. Яғни, біріншіден, қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден,  қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Адамзат қоғамы кейде әлеуметтік жағдайда болса, кейде экономикалық, саяси уақиғалардың салдарынан тұрақсыз кейіпке де еніп отырады.  Кеңес өкіметінің мәңгілік құрдымға кетуі ТМД елдерімен бірге  біздің мемлекетімізге де едәуір әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыс әкелгені шындық. Алайда, соңғы ғасырлар тоғысында, еліміздің ой-санасы, менталитеті өзгерді. Осындай атаулы әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер діни ахуалға да өзіндік сипат берді.

Бейсенбі, 02 Қазан 2014 09:54

Ғылмани мешіті қарттарды қуантты

2 қазан. Астана. Sunna.kz - Астана қаласында Қарттар күні мен Құрбан айт мерекесіне орай зейнеткерлерге дастархан жайылды.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Астана. 2 қазан. E-islam.kz - 30 қыркүйек пен 1 қазан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің білімі мен біліктілігін шыңдап, тәжірибелерін арттыру мақсатында жиын өткізді.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 2 қазан. E-islam.kz - Бүгінгі Астана қаласы мешіттерінің имамдары бас қосқан брифингте "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз құрбандықтың мән-маңызына ерекше тоқталып, оның кімдерге уәжіп екендігін нақтылап берді. 

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Астана. 2 қазан. E-islam.kz –Ағымдағы жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Жылыой ауданы Қаратон округінде және Мақат ауданы, Доссор кентінде ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және оқушылардың қатысуымен «Салт-дәстүрімізбен діннің сабақтастығын, дәстүрлі діни бағыттағы мазхабтың маңыздылығын түсіндіру» мақсатында «Салт пен дәстүр – дін тірегі» атты кездесулер өткізді.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 2 қазан. E-islam.kz -Бүгін  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті Құрбан айт мерекесіне орай «Бәйтерек» халықаралық баспасөз орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. 

Категориясы Басты жаңалықтар

Астана. 2 қазан. E-islam.kz –Қарағанды облыстық баспасөз клубында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Хазірет әлі» мешітінің бас имамы Берік Нұрфазылұлы, «Балақажы» мешітінің бас имамы Махмуд Нұрұлы, Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Серік Құрманов және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті. Бұл жөнінде «Ihsan.kz» мәлімдеді.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 2 қазан. E-islam.kz - Бүгін Астана қаласындағы "Бәйтерек" халықаралық орталығында Астана қаласындағы ірі мешіттердің Бас имамдары құрбан айт мерекесіне орай, отандық БАҚ өкілдерімен кездесті.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Page 1 of 2

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper