Имамдарға арналған семинар

Бейсенбі, 18 Қыркүйек 2014 07:06

Орал Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Дін істері басқармасының қолдауында қала, аудан, ауыл имамдарының діни сауатын арттыру семинары өтті.

Семинарға қатысқан ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі Руслан Сұлтанов, облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың бастамасымен имам-молдалардың жалақы мәселесі шешілгендігін айтып семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар барысында ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған діни танымдық кітаптар қала, аудан, ауыл мешіттері мен кітапханаларға тегін таратылғандығы тілге тиек етілді.  Сонымен қатар, Орал медресесінде жаңа оқу жылы басталғаны жайында да айтылып, Орталық мешіттің төбесіне күрделі құрылыс жұмысының басталғаны жайында да мәлім болды.

Дін істері басқармасының бас мамандары Мақсат  Романқұлов, Нұржан Стамбакиев пен Саламат Жұмағұловтар жеке-жеке «БҚО аумағында қалыптасып отырған діни ахуал: түрлі ағым өкілдерімен жұмыс істеу ерекшеліктері», «Исламдағы  жауапкершілік мәселесі»,  «Имам беделі (позитивті модель жасаудың аспектілері) және психологиядағы қарым-қатынас мәселелері» тақырыбында салмақты баяндамалар жасады.

 

e-islam.kz

Оқылды 870 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Жеотқосан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Құран (аудио)

JoomShaper