Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
Материалы отфильтрованы по дате: Сәрсенбі, 22 Қазан 2014

                ҮНДІСТАНҒА ТӨТЕ ЖОЛ ІЗДЕУ

ХVIII ғасырдың басы. Орыс армиясы Полтава дейтін қыстақтың түбінде швед әскерінің тас-талқанын шығарды. Петр патшаның арманы орындалғандай еді. Ресей Балтық теңізіне шыға алатын болды. Бірақ, теңіздің бір пұшпағына ие болу бар да, сол теңіздің пайдаға жұмыс істету деген бар екен. Пайда дегенде теңіз сауда жолын айтып отырмыз. Құрлықтағыға қарағанда судағы сауда жолы жедел әрі арзан еді. Әуелгісінде, мыңдаған түйеден тұратын керуен жасақтауың керек. Ол түйелерге жем-шөп керек. Бұл бір шығын. Келесі бір қиындық. Кеурен пойыз емес, тоқтамай жүретін. Әр 100 шақырым сайын демалуы керек. Тиісінше саудагерлердің тамағы үшін тағы шығындаласың. Бұл бер жағы. Керуенге әскери күзет керек. Әйтпесе жолда қарақшы көп. Ал қарулы қарауыл жалдау үлкен ақшаны қажет етеді. Қысқасы, осындай шығындары шаш етектен болғасын, құрлықтағы сауда жолы пайдасы аздау шаруа еді. Ал Ресей мемлекетінің осы құрғақтағы жолдан өзге, сауда жолы жоқ еді. Осы бір олқылықты түзеу үшін, тездетіп теңізге шығар жол табу үшін орыс патшаларының талайы тыраштанып көрді. Иван Грозный өле-өлгенше шведтермен ұстасып өтсе, Борис Годунов дейтін әмірі поляктармен ит жығыс соғыстар жүргізді. Міне, Петр талай ғасыр арман болған дүниені орындады.  Балтық теңізінің шығысын бөлігін өз қол астына қаратты. Порт салды. Суға кеме түсірді. Едірең мұрттың ендігі мұраты – әлгі кемелерді Америкаға, Үндістанға жөнелту болды. Ол заманда, ерінбегеннің барлығы Үндістаннан жер жаулап алып, Ост Индия дейтін сауда компаниясын құрып жатқан. Сауда деген аты. Әйтпесе бұл мекемелер Махараджалардың бүкіл алтын, гауһарын тонаумен айналысты. Не керек, Петр кемелері порттардан шыға бастады. Бірақ, көп өтпей Балтық теңізі арқылы Үндістанмен саудаласу мүмкін еместігі анық байқала бастады. Бұл сауда жолы –құрлықтағыдан қарағанда он есе шығыны көп жоба болып шықты. Неге? Түсіндірейік. Орыс қайықтары Үндістанға барды дейік. Тауар тиеп алды. Қайтарда Африканы айналып, Еуропаны бойлай өтіп, Балтыққа кіреді. 4-5 ай уақыт рәсуа болғанын ескермей-ақ қоялық. Сонымен, Балтық теңізіне кіргенде, Дания дейтін ел, кемелерден салық алады. Көлеміне қарай, суды ығыстыру деңгейіне орай, деп тізбектеліп кете береді, бұл салықтар. Мұның бәрін төлеп біткенде, қалтаңдағы ақшаңның да біткенін байқайсың. Не керек, Петрдің алдында енді екі таңдау тұрды. Әуелгісі – Дания дейтін Балтықтың аузында отырған елді талқандау. Немесе Үндістанға баратын басқа жолды іздеу.

Басқа жол демекші. Петр таққа отыра сап, Қара теңізінің солтүстігін түгелдей орысқа қаратамын деп тыраштанғаны бар. Құласаң түйеден құла дейгенге сап, балаң Петр Стамбұлды жаулап алмаққа оқталды. Бірақ, бұл жорықта орыс имепраторы түріктің қолына түсіп қап, миллиондаған алтын беріп, зорға құтылып шықты. Жеңілген күреске тоймайды деген. Еш болмаса Қара теңіздің бір пұшпағы Азов дейтін бұғазын басып алмақ болды. Әуелгіде соғыс сәтті басталды. Доспамбет жыраудың мекені болған Азаулы қаласын басып алды. Порт салды. 3 кеме соқты. Бірақ, Осман армиясы қайта күш алып, орыстар Азаулыны тастап шықты. Әлгі 3 кемені Мәрмәр бұғазынан алып өтуге рұқсат бер. Балтық теңізіне апаратын ем, -деп жалынды. Түріктер көнбеді. Амалсыз, әлгі зеңбіректі қайықтарды арзан бағаға османлы жұртына сатты.

Үндістан дейтін жоба жабылудың алдында тұр. Петр патша соңғы мүмкіндікті қолданып көрмекке ұмтылуда. Ол - Балтық теңізінде монополист болып отырған Данияның сағын сындырмақ. Сол үшін үлкен флотилия дайындап жатты. Алайда, бұл соғыстыты ұзаққа созылып кету қаупі бар еді. Себебі Данияны Ұлы Британия дейтін империя қолдайтын. Қайтпек керек? Қалың ойда отырғанда, патшаның сарайына сонау Түрікмениядан бір елші келді.

 

             АМУДАРИЯ КАСПИЙ ТЕҢІЗІНЕ ҚҰЮШЫ ЕДІ...

 

1713 жылдың күзі еді. Әлгі түрікмен дипломаты өзін Қожа Нефес деп таныстырды. Ә дегеннен, түрікмен жұрты ұлы орыс империясының қол астына кіргісі келеді, мен өз ұлтымның осынау бір тілегін ұлық мәртебелім, тіке өзіңізге жеткізсем деп, сыпайылап сөз бастады. Сосын, сіздерге бағынғалы отырған елдің бір мәселесі бар. Соны шешіп берсеңіз деп өтінді.  Мәселе былай екен:

 «Амудария дейтін өзен бар. Қазір солтүстіктегі Орол теңізіне құяды. Ал осыдан оншақты жыл бұрын ғана, бұл дарияның арнасы мүлдем басқаша еді, ол Каспий теңізіне құятын. Хиуа хандығы Амудария өзенін бел ортасынан буып, үлкен бөген жасады. Артық су теріскейге ағып кетуде. Хиуалықтар қазір буылған өзеннен алтын құм өндіріп жатыр. Егер де, Ресей армиясы әлгі бөгетті бұзса, өзенді бұрынғы арнасымен ағызса, Мәуренахрдың оңүстік аудандарына су жолы арқылы жылдам жете алады. Біздің аталарымыз, Амудария арығы Каспий теңізіне құятын уақытта, осы өзен арқылы Үндістанға қайықпен барып, сауда жасап қайтатын...»

Елшінің аузынан Үндістан дегенді естіген Петр қуанып кетті. Лезде кеңесшілерін шақырып, әлгі дипломаттың қолына, түрікмен жұртын орыс қамқорлығына алатыны туралы грамота ұстатты. Сосын елшіге қарап тұрып, сен еліңе жалғыз бармайсың. Біз сенімен үлкен елшілік топты қоса аттандырамыз дейді.

Петр елшінің айтқаны рас болса, ескі арнаны қайта қалпына келтіріп, Үндістанға Амудария өзені арқылы баруды көздейді. Сол үшін 1714 жылдың 29-шы мамырында Хиуа жаққа экспедиция жасақтауға бұйрық береді.  Дипломатиялық қосынды Петр патшаның жақын серігі, Александр Бекович-Черкаский дейтін гвардия офицері бастап баратын болды. Бекович-Черкаскийді едірең мұрт бекер таңдаған жоқ еді. Себебі бұл офицердің түбі кабардин еді. Орыс армиясына қызметке тұрғанға дейінгі аты Искандер-бек болатын. Әрі мұсылман дінінде еді. Дәл осы бұрынғы діні – мұсылман хиуалықтармен тіл табысуға септігін тигізу керек,-деп ойлады. Бекович – егер орта азиялық мұсылмандардың мемлекеті қуатты болса, дипломатиялық жолмен яғни менде мұсылманмын, Ресей империясы ислам дініндегі жұртқа жақсы көзбен қарайды,- деген сыңайда ертегі айтып, бұл елмен сауда-саттыққа қол жеткізу. Егер әскери қуаты шамалы ел болса, елшінің күзетшілері болып барғандар, лезде қаруланып, жау әскерін қырып салуы керек. Сөйтіп Хиуа хандығын Ресейдің қол астына кіргізу керек.

Петр патша сырттай қарағанда елшілерге ұқсайтын, бірақ бақайшағына дейін мұздай қаруланған 3 мыңдық әскери қосынды жасақтатты. Қолбасшының алақанына міндеттерін тәптіштеп түсіндірген қағазды ұстатты. Ол құжатта мынадай тапсырмалар жазылған еді:

«Ехать к хану Хивинскому послом,  а путь иметь подле той реки, и осмотреть прилежно течение оной реки, тако же и плотины, ежели возможно оную воду паки обратить в старый сток, к тому же прочие устья запереть, и сколько к той работе потребно людей».

 

       АМУДАРИЯНЫҢ КЕПКЕН АРНАСЫМЕН...

 

1714 жылдың басында, Петерборда жасақталған әскери қосын Астраханьға жетті. Бұл жерде олар 30 кемеге мініп, Каспийдің орта азиялық жағасына қарай тартып кетті. Бұл қайықтардың ішінде, көргенінің барлығын қағазға түсіріп отыратын 10 картограф маман бар еді. Олар Каспийдің өн бойын суретке түсіріп шықты. Көп өтпей бұл флотилия Бахан бұғазы, қазіргі Түркменбашы деп аталатын шығанаққа келіп жетті. Расымен, Бекович-Черкаский адамдары Каспийге осы маңнан ернеуі үлкен өзеннің құйғанын дәлелдейтін дәйектер тапты. Олардың дәл алдында дарияның кепкен арнасы жатты.

30 кеме әлгі шығанақтың жағасына шығып, қосын тіге бастады. Олар Астраханнан келіп жететін елшілер тобын күтті. Көп өтпей, Маңғышлақты басып өтіп, саудагерлер жетті. Бұлардың қатарында, Астрахан және Қазан қалаларының ірі көпестері бар еді. Олардың көбісінің түбі татар және қалмақ ұлтынан болатын. Не керек, бұл топ Үндістанға өтіп кетіп жатсақ, сауда жасаймыз деп,өздерімен бірге 5 мың рубльдің алтынын (ол заман үшін сұмдық көп ақша) арқалап шыққан еді.

Осы саудагер-көпестерді 2500-ге жуық казак-солдатары ертіп жүрді. Мұнан бөлек, бұл қосынның ішінде Амударияның ескі сағасын қалпына келтіре қалған жағдайда, канал қазудың әдістерін жетік білетін инженер-құрылысшылар да бар еді.

                           ХИУА ТҮБІНДЕГІ ҚЫРҒЫН...

 

Бірер аптаны өткізіп, үлкен әскери-дипломатиялық қосын Хиуа қаласының іргесіне жетті. Бекович мұсылманша киім жабынып, өзін жергілікті жұртқа Дәулет Гирей деп таныстыра бастады. Хан ордасына бір күндік жер қалғанда орыс офицері Ресейден елшілер келгенін естірту үшін, өзінің екі мұсылман бауырын, 500 черкес жігітімен Ханға жұмсап жіберді. Шерғазы хан шошып кетті. Елші болып келген Бековичтің інілері мен оның жанындағы бүкіл адамдарды тұтқындап, жеделдетіп әскер жасақтай бастады.

Александр Черкаский хан орыс елшілігін қабылдауға қамданып жатқан болар деген оймен, Хиуа шаһарының қақпасына келеді. Қалаға енді кіре бергенде, бұл қосынды Шерғазы ханның 25 мыңдық әскері ту сыртынан ұрады. Керуен бірден топтанып, арбаларды дөңгелек пішінге келтіріп, қорғанысқа көшті. Бұл орыстың әйгілі «гуляй город» дейтін соғыс тәсілі еді. Арбаларды ретсіз қойып, арасына ирелең жол қалдырады. Жаудың атты әскері арбалар ішімен шауып келе жатып, бұралаң көшеге түседі де, ат басын кері тартам дегенше, қуыс-қуыстан әскер шығып әлгіні түйреп тастайды. Не керек, таңсық тәсіл өз дегенін істеді. Өзбек жігіттерінің сағы сынды.

Шерғазы хан – өз әскерінің қаруы нашар әрі қуаты әлсіз екенін көрді. Мұндай күшпен 3 мыңдық армияны талқандай алмасын білді. Бірден айлаға салды. Хиуа сарбаздары елшілердің  тобын жау әскері екен деп ойлап қалыпты-мыс. Хан ештемеден хабары жоқ екен. Осы сөзінің растығын дәлелдеу үшін, шені кішігірім жүз басыны дарға асты. Әбден сеніміне кіргесін, хан Черкаскийді қонақ болуға шақырды. Тек 3 мыңдық қолды тамақтандырар менде шама жоқ. Шаһар маңындағы елді-мекендерге жүз-жүзден бөлсек деп ұсыныс айтты. Мейман көнді. Кеш болды. Той қызды. Хан жанындағыларға ишара жасады. Бір сәтте, орыс қосындарына хиуалықтар лап қойды. Қырып салды...

Хиуа жорығы осылай сәтсіз аяқталды. Амудария өзені ескі арнасына қайтып оралған жоқ.

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ЖАУЛАП АЛА БАСТАУЫ

 

Хиуа түбіндегі қырғыннан, Тевкелеев дейтін түбі татар, орфһыс офицері тірі қалады. Арып ашып, Петерборға жетеді. Патшаға болған оқиғаны баян етеді. Үндістанға алып баратын Амудария өзенін қазу үшін тағы экспедиция ұйымдастырмақ болады. Бірақ, орыс-түрік соғысы басталып кетіп, бұл идея кейінге қалады. Бірақ, Маңғышлақ арқылы Түрікмения жеріне барған топтың ішінде, әлгінде айттым ғой. Картографтар және құрылысшы инженерлер болды деп. Міне, солар сызған-жазған дүниелерді Тевкелеев қырғыннан қашып жүріп, алып шығады. Петр І-шіге береді. Әрі, қалмақтардың жол бастауымен Атырау өңірін басып өткенде, бұл шоқынды татар қазақтың бірнеше сұлтандарымен байланыс ұстап үлгерген еді. Соның бірі Әбілхайыр болатын. Тевкелев өзін Әбілхайырға орыс армиясының генералы етіп таныстырғаны бар. Алдында ұлық адам отыр әрі бір жәрдемі болып қалар деп, сұлтан өзін мазалаған бүкіл дүниені жайып салады. Әбілхайыр Аңырақай шайқасында жоңғар армиясына қарсы қазақ қосындарын басқарып, ұлы жеңіске жеткенін. Алайда, үлкен хан өліп, бұл жеңістің арты билікке таласқа айналып кеткенін сөз етеді. Әбілхайыр өзінің кандидатурасын ұсынған. Алайда, басқа бір ордалықтың бағы жанып, ұлы хан сол болып кеткен. Әбілхайырдың осы оқиғасын тыңдаған Тевкелеев ұлы орыс империясының көмегімен билікті қаласа тартып алуына боларын майдалап жеткізеді. Аман-саулық айтысып, әскери қосынға ілесіп, Хиуаға кетеді...

Не керек, татар офицер Петрге сол бір қазақ сұлтанын пайдаланып, орданы әлсіретуге боларын айтады. Қаласа, қазір барып сөз байласып қайта аларын жеткізеді. Мұнан бөлек, қазақ жерінің кеңдігін, картографтардың бұл мекеннен қандай асыл металдар өндіруге болатынын жазған құжаттарын көрсеттеді. Бұл бер жағы. Амудария экспедициясы сәтсіздікке ұшырады. Алайда Индия жобасын сызып тастауға болмайды. Себебі қазақ хандығының иелігі сонау Үндістанның Пяндж өзеніне дейін созылып жатқанын. Ебін тауып, орданы қол астына қаратса, Үндістанмен саудаласу да бір-екі күннің шаруасы болып қаларын айтады. Мұның барлығын тыңдаған Петр, әйгілі сөзін айтады: «Казакская Орда, сколько миллионов там не жило, нам надо их завоевовать. Либо Орда это ключ к Индий». Алайда, Петр патша армандаған Үндістанын көре алмай өмірден өтті. Бірақ, Ресей шекарасын махараджалар мекеніне оның ұрпағы жеткізді. Тевкелеев Әбілхайырды іздеп, 1731 жылы Орал тауының етегіне келді. Жолықты. 19-шы ақпан күні қатын патша Анна Иоанованың Әбілхайырды иелігімен қоса, орыс империясының қол астына алғаны туралы грамотаны табыстады.

Иә, Амудария арқылы Үндістанға жетпек болған еді. Ол мұраты орындалмады. Баяғы құрлық жолын таңдады. Қазақ хандығын жаулап ала бастады. Кейде ойланасың. Егер Амдария бұрынғысынша Каспийге құйғанда, Қазақ хандығы әлі біраз ғасыр орыс боданына түспейтін бе еді? Бірақ мұның аты тағдыр.

 

                          АРАЛ ТҮБІНЕН ТАБЫЛҒАН ҚАЛА

 

Бұл жазылған деректерді алғаш Петербург кітапханасынан тапқанда өтірік деп ойлағанмын. Енді ше, Арал теңізі орнында теңіз емес тек бірнеше ондаған көл ғана бар еді. Бұл айдындарды Сырдария ғана қоректендіріп тұратын. Ал Амудария Каспий теңізіне құйған, деген сықылды ақпарлар басыма сыймайды.

Бірақ, бұл айтылғандар ақиқат. Ғалымдар Амударияның Каспий теңізіне құйғанын дәлелдеді. Тек басқа жолмен. 2000 жылы Арал теңізінің түбінен 17 ғасырдың орта шеніне дейін өмір сүрген Асар дейтін қала табылды. Және бір-екі жылда Қожа Ахмед Яссауи кесенесіне қатты ұқсайтын мазар табылғаны бар. Бұл кесене 16 ғасырда тұрғызылған деседі. Асар дейтін шаһарға оралсақ. Археолог мамандар қала халқы бір түнде үдере көшіп кеткен дейді. Себеп – су басу дейді...

Ал геолог мамандар, Арал 3 мың жылдық тарихында 5 рет тартылып, 5 рет толған дегенді айтады. Ал Гумилев болса, көшпенділердің бір ғасырларда күшейіп, енді бір ғасырларда жеңіліп, шегініп далаға қарай кететінін осы Арал феноменімен байланыстырғаны бар. Жә, Аралдың тартылуы – адам қолымен жасалды. Ол ақиқат нәрсе. Тағы бір шындық. Арал теңізі адам қолымен пайда болған теңіз...

 

НҰРБЕК БЕКБАУ

 

Категориясы Ислам және қоғам

Бүгін «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жас ұрпақты тәрбиелеу барысында діннің, рухани құндылықтардың алар орны мен пайдалы аспектілерін көрсету мақсатында Атырау қаласы бойынша мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Рухани құндылық – адам жанының алтын арқауы» тақырыбында семинар өткізілді. 

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 22 қыркүйек. E-islam.kz - Малайзия премьер-министірі Датук Сери Наджиб Тун Разак қаржыгерлермен кәсіпкерлерге елдің эканомикалық тұрақтылығын артыру мақсатында несиені биржада қолдану үшін, мұсылман әлемі ислам қаржысы жүйесі революциялық дамуды қажет етеді деп мәлімдеді 

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 22 қыркүйек. E-islam.kz - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада Түркияның Қазақстандағы елшілігінің діни істер бойынша кеңесшісі Ибраһим Йылмаз бен  Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуовты қабылдап, қоғамда бірлік пен бейбітшілік, татулық пен тұрақтылық орнатуда діннің маңызды рөлін таразыға салды.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Сәрсенбі, 22 Қазан 2014 10:31

Студенттерді имандылыққа шақырды

 АСТАНА. 22 қыркүйек. E-islam.kz - ҚМДБ-ның  Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай өңір жастарымен жұмыс  қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатпен Теміртау қалалық орталық мешітінің наиб имамы Амантай Естай Теміртау қаласындағы техникалық коледжіне барып қайтты.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Базбір деструктивті діни топтардың зайырлы мемлекетті мойындамауының бірден-бір себебі – секуляративті қоғамдағы құқықтық нормалар мәңгілік бақытпен (жұмақ) қауышуға кедергі келтіреді деп біледі. Мемлекет пен діннің ара-қатынасын зерттеп жүрген маман ретінде бұл пікірге не айтасыз?

Категориясы Сұрақт-жауап

Алтын Ордада Берке хан қайтыс болғаннан кейін исламдану үдерісі кілт тоқтаған ба? Жоқ әлде, інішара болса да, Ислам діні дамып отырған ба? Сол кезеңде Жошы ұлысының Мысыр мемлекетімен байланысы қалай болды?

Категориясы Сұрақт-жауап

«Қазақ топырағында Ханафи мәзһабының орнығуы Қарақан дәуірінен басталған» - деген көзқарасқа қалай қарайсыз? Жалпы, осы кезеңде Орталық Азия кеңістігінде Ханафи мәзһабының қандай тұлғалары өмір сүрді?

Категориясы Сұрақт-жауап

«Түркі халықтары, оның ішінде Қазақ халқының Ислам дінін қабылдауына әсер еткен бірден-бір фактор – Ханафи мәзһабының доктринасы мен канондық негіздері» - деген тұжырымды көбірек айтып жүрсіз. Осыған қандай дәлелдер ұсына аласыз? 

Категориясы Сұрақт-жауап

«Қазақ билерінің үкім айту кезінде қолданған сот прецеденті әдіснамасы Ханафи мәзһабындағы хила-шариямен сабақтасып жатыр» деген тұжырым айтасыз. Осыған салыстырмалы түрде нақты бір-екі мысал бере аласыз ба?

Категориясы Сұрақт-жауап
Page 1 of 2

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper