Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
Материалы отфильтрованы по дате: Сейсенбі, 21 Қазан 2014

Азан айтылып жатқан кезде сөйлеуге болады ма? Сабақ өтіп жатқан мұғалім сабағын үзіп, азан біткенше тыңдауы міндетті ме?

Категориясы Сұрақт-жауап
Сейсенбі, 21 Қазан 2014 11:50

Ахли сунна адасқан ағым ба?

Ассалаумағалейкум, Алау мырза. Әлде бір интернет сайттан оқығаным бар еді. Онда жазылуынша, «Шариғатымызда 4 қана термин бар екен, олар халал, харам, парыз, сүннет. Ал, қалғандары яғни: мубах, мустхап, уәжіп, мәкрух, нәпіл деген терминдер «Ойдан шығарылған бидғат терминдер» дейді. Мустахап, мубах, нәпіл дегендердің сүнеттен еш айырмашылығы жоқ, Ал макрух дегеніңіз харам екен. Пәтуа негізгі жоғарғы 4 термин аясында берілгенде бүгінгі күнгі талас-тартыстар анағұрлым азаяр еді деген пікірде. Яғни асылы Құран мен Сүннетте болған терминдер ғана қолданылу керек екен. Екінші сұрақ ахли сунна ғалымдары парызды айн кифая деп екіге бөлуді қайдан алғандарын дәлелдеп түсіндіре алмайды екен. Сондықтан ахли сунна адасқан ағым. Шариғатқа еш қатысы жоқ. Бұған қалай жауап берер едіңіз. Яғни «бидғат терминдердің» шығуын аят, хадистермен түсіндіріп берсеңіз. Алла разы болсын.

Категориясы Сұрақт-жауап

АСТАНА. 21 қазан. E-islam.kz - Ресейде мұсылмандарға арналған жолда жүру ережесі пайда болды. Жолда жүру ережесіне Құран аяттарын енгізуге жол апаттарының кобеюі себеп болса керек.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 20 қазан. E-islam.kzТоқсамбай Қайкенұлы – Ақмола облысы,  Бурабай ауданының имамы қызметіне 2008 жылы тағайындалған.  Стратегиялық маңызды аймаққа дін уағызшысы болу оңай шаруа емес, әрине. Түрлі ұлт өкілінің табаны тиетін, қала берді, халқының үлкен бөлігі басқа менталитеттегі азаматтардан тұратын Бурабай өңіріне Тоқсанбай қажының таңдалып алынуында үлкен мән бар. Біз бүгінгі келелі әңгімемізге сонау Ресейдің Омбысынан келіп, ата қонысына жатсынбай сіңісіп кеткен имамның сөзін арқау етпекпіз...

 

Категориясы Сұхбат

АСТАНА. 21 қазан. E-islam.kz - «Нұр-Мүбәрак» университетінің ректоры, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының жұмысымен танысып, имамдарға дәріс оқыды.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Исламдағы ең ауыр қылмыстардың бірі - фитна, яғни алауыздық, бүлік тарату. Мұсылмандардың арасында іріткі салған адам, оларға жау болып табылады, себебі ол ағайынды ағайынға, діндарды діндарға қарсы қояды. Осындай ұйымдардың бірі - «ат-Тәкфір уаль-Хижра». Биыл Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты оны экстремисттік ұйымы деп таныды. Сондықтан республика бойынша оның қызметіне тыйым салынды. Неге? Дінтанушы Есбосын Смағұлов осы турасында "Алаш айнасы" порталына мақала ұсынған еді.

Алдымен ұйымның атауындағы «тәкфір» мен «хижра» сөздеріне назар аударалық. «Тәкфір» - кәпір деп айыптау немесе үкім шығару. Осы ұйымның жақтастары өздерінің мүддесіне сай келмеген кез келген мемлекетті «кәпір елі» деп айыптайды. Тәкфір үкімі билік өкілдеріне, оның ішінде саяси лидерлерге, қарулы күштер мен құқық қорғау органдарына да шығарылады. Ал ондай мемлекетті «тағұт» («пұтқа табынушылар») мемлекеті деп атайды да, оған қарсы жихад жарияланады.

Ұйым қызметіндегі екінші элемент – «хижра». Классикалық исламда хижраға «діни ілімін қорғау мақсатында жер аудару» деп түініктеме беріледі. Алғашқы хижраны Мұхаммед пайғамбар өзінің серіктестерімен бірге мұсылмандардың өмірін сақтап қалу үшін Меккеден Мединаға жасаған. Алайда радикализм идеологтары оны өзгеше түсіндіреді. Олар үшін хижра – ол қоғамнан тікелей немесе жанама түрде бөлек шығу. Тәкфіршілік жолын қуушылар бастапқыда өз насихатын жасырын жүргізеді. Сөйтіп, адамдар бұрынғы қоршаған ортасынан, дәстүрлі исламды ұстанушылармен барлық қатынастарды үзіп, ұйым қатарына қалай кіргендерін білмей қалады.

Ұйым өкілдері күнделікті тұрмыс-салттан толығымен бас тартады. Олар туған күнді тойлау, аптадағы күнді ерекше белгілеу, түрлі діни мерекелер, мерейтойлар жасау, танымал адамдарға ескерткіш орнату, қазалы күнге қатысты жиындарды жасау және сол жиындардағы түрлі шараларды (мысалы, жоқтау айту) ұйымдастыру, мазарларды тұрғызу және тағы сол сияқты шараларды жол берілмейтін жаңашылдық (бидғад) деп түсінеді. Осылайша, радикалдар қоғамның этно-мәдени және конфессионалдық үйлесімін бұза отырып, олар өздерін шынайы ислам дінінің жалғыз ұстанушылары деп жариялайды. Өкінішке қарай, Қазақстанда тәкфіршілдердің зайырлы мемлекет пен оның заңдарын жоққа шығару тәжірибесі белгілі бір дәрежеде тарап кеткен.

Шын мәнінде, олар салт-дәстүр мен мәдениетті мұсылмандық аясында қалыптастыра білген қазақ халқының бай тарихи тәжірибесін жоққа шығарып рухани нигилизм танытып жатады. Олар үшін біздің өткен тарихымыз бар болғаны адасқан және күпірлік жолы. Ал ислам діні Қазақстанға тәкфіршілердің арқасында келді деп санайды.

Сөз жоқ, радикалдар өздерінің наным-сенімдерімен мұсылмандық ілімнің рухын да, мағынасын да жойып жатыр. Дәлелсіз «тәкфір» жариялау исламға тән сабырлық пен өзара түсінушілік шеңберінен әлдеқайда шығып отыр. Радикалдар намаз оқымайтындардың барлығын кәпір санайды. Бес уақыт намаз оқуы мұсылмандар үшін маңызды талаптардың бірі болып табылады. Алайда басқа біреуді «кәпір» деп жариялау үшін Алланы жоққа шығару, басқа құдайларды мойындау, Пайғамбар мен Құранды жоққа шығару немесе тіл тигізу сияқты үлкен күнәлар жасаған жағдайлар секілді анағұрлым дәйекті дәлелдер қажет емес пе? Сондай-ақ, «тәкфір» жариялау тәртібі бірқатар шарттарды орындауды қажет етеді. Бұл - исламдық құқық саласындағы атақты ғұламалардың құзыретіндегі іс. Ал тиісті білімі және өмірлік тәжірибесі жоқ адам бұндай маңызды шешім қабылдай алмайды.

Радикализмнің қармағына ілінген адам тез арада өз елінің рухани мұрасын мойындамай, патриотизм мен адамгершілік қасиеттерінен арыла бастайды. Өзінің ата-анасын намаз оқымағандары үшін кәпір деп айыптап, тіпті жанұясынан да бас тартады. Осының жалғасы ретінде ол әлемнің түрлі бұрыштарында қарулы жанжалдарға қатысатын террористік ұйымның мүшесіне айналғанын өзі де байқамай қалуы бек мүмкін. Өкінішке қарай, Қазақстандық жастарды содырлардың қатарына тоқтамай қосылу фактілері анықталуда. Отандастарымыздың қарулы жанжалдарға қатысу үшін Сирияға кетуі тәкфіршілдікті насихаттаудың салдарынан деп айтуға болады.

Тәкфіршілік алдымен пайдакүнемдік мақсаттарға, мемелекеттік құрылымды әлсіретуге және қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған ислам ілімін бұрмалайтын саяси қозғалыс екенін түсіну қажет. Радикалдық ұйымдар геосаяси күрестің сыналған құралы болып табылатыны мәлім және қаржыландыру арналары шетелден бастау алатыны жасырын емес. Тәкфіршілдік пен жихадизм идеяларының салдарынан кез келген мемлекет аз уақыттың ішінде азаматтық соғыстың алаңына айналу мүмкін екендігіне Ливия, Сирия, Египет сияқты елдердің қайғылы жағдайлары дәлел бола алады.

Есбосын Смағұлов

Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары, дінтанушы

 

Бұрындары баланы иманға, тәрбиеге толықтай отбасы, әкесі, анасы, ата-әжесі ұйытатын. Оның толыққанды адам боп қалыптасуында аталар мен әжелер "мектебінің" рөлі зор еді.

Категориясы Пікірталас алаңы
Сейсенбі, 21 Қазан 2014 05:05

Адал асты "халал-тестпен" таңдайды

АСТАНА. 21 қазан. E-islam.kz - Француз компаниясы Capital Biotech бірнеше минуттың ішінде өнімнің құрамында алкоголь мен доңыз етінің бар - жоғын анықтай алатын «Халал тест» ойлап тапты.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 21 қазан. E-islam.kz - Халықаралық және қазақстандық сарапшылар ТМД және Орта Азиядағы илам қаржысы хабының орталығы үшін Алматыны сай көрген. Ұлттық банк өкілдері нақтылағындай, бұл ретте техникалық мүмкіндіктермен қатар, 2020 жылға дейін Ислами қаржыландырудың жол картасы жасалып, Ислам қаржысы туралы жеке заң жобасы әзірлену үстінде.

Категориясы Басты жаңалықтар

АСТАНА. 21 қазан. E-islam.kz – Мароккода осы жексенбіде ислам дінін қабылдаған швед елшісі туралы деректі фильмнің көрсетілімі өтті деп хабарлайды muslim.kz сайты.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Page 1 of 2

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper