Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
Материалы отфильтрованы по дате: Сәрсенбі, 08 Қазан 2014

АСТАНА. 8 қазан. E-islam.kz - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығында болды. Орталық жұмысымен танысып, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар үлестірді, деп хабарлады muftyat.kz.  

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Сәрсенбі, 08 Қазан 2014 11:03

Уаһһапшылдық құрбаны – Сәләфизм

Тарихқа зер салар болсақ, дәстүрлі Ислам шеңберінен шығып кетуші ағымдар аз болмаған. Олардың кейбірі уақыт өте келе жойылып кеткенімен, идеологиялары мен принциптері толығымен жойыла қойған жоқ. Бұл жайтты теріс пиғылды топтар өз мүддесіне жаратпай қоймады. Осы арқылы дәстүрлі Ислам дініне, сондай-ақ, қоғамның ұлттық ауызбіршілігіне кері әсерін тигізіп, халқымыздың салт-санасына қараспай, қалың жұртшылық арасында бүлік туғызып жатқанына ел куә. Біршама уақыт Ислам дініне жеткілікті көңіл бөле алмаған болсақ та, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан соң, қазіргі таңда қазақ қоғамы діни ұйымдардың оңды-солдысына баға бере алатындай жағдайға жетті.

Ендеше, Сәләфизм – Ислам ғұламалары бірауыздан бекіткен мәзһаб пен сенім мектептерін мойындамайтын ағым. Бұл ағымды және оның түрлерін баяндамас бұрын, «сәләфизм» ұғымын түсіндіре кетейік.

Сәләфизм – араб тіліндегі (السلف) «сәләф» сөзінен шыққан. Ол тілдік мағынада «бұрынғылар», «әуелгілер», «өткендер» ұғымын беріп, қасиетті Құрани-Кәрімнің бірнеше жерінде де кездеседі. Ислам әлемінде (السلف الصالحين) сәләф-салихин атауы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) заманынан бастап алғашқы үш ғасырда өмір сүрген мұсылмандар толқынына берілген. Олар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалары мен табиғиндер және атбаға-табиғиндер.

Қазіргі таңда «сәләфиміз» деп жүргендер өздерін осы Исламның әуелгі үш ғасырында өмір сүргендерге теңеуде. Әуелгі сәләфилер шынайы Ислам жолын ұстанушылар болса, қазіргі уақытта өзін солай атаушылардың бағыты, шын мәнінде, олай емес.

Бүгінде әлемде «сәләфия» мен «уаһһабизм» сөзі қатар жүретінін білгеніміз жөн. Себебі, ағымды «белсенділікке» жетелеген Мұхаммед ибн Абдул-Уаһһабтың атына балау әлем мұсылмандары арасында кең етек жайған.

Сондай-ақ, «уаһһабист» деген лақап ағымның негізін қалаушы – Мұхаммед ибн Абдул-Уаһһабтың көзі тірісінде оның соңынан ерушілерге тиелген-ді. Уаһһабилік тарихта «хауариждік» әрекет ретінде танымал болған. Өйткені, олардың әрекеттеріндегі қатыгездік, өз ұстанымдарына қосылмағандарды «кәпір» деп айыптау әрекеттері «харижиттер ағымы» ақидасының (сенімінің) көшірмесі іспетті» [2/209-б].

Ал енді сәләфи ағымының негізгі идеясы түсінікті болу үшін оның шығу тарихына тоқталып өтейік.

Сәләфилік ағымның жетекшісі «Тәмим» тайпасынан шыққан Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1615-1703) Рияд қаласына жақын орналасқан Уяйна атты елдімекенде дүниеге келген. Оның ата-бабасы Ханбали мәзһабын ұстанған. Ал әкесі, атасы мен бауыры қазылық қызметін атқарған. Ол алғашқы сауатын өз әкесінен алған болатын. Содан соң Меккеге барып ілімін шыңдамақ болады. Алайда, өзі күткендей ғылыми орта таба алмағандықтан Мәдинаға кетеді. Мәдинада Абдуллаһ ибн Ибраһим ибн Сәйф ан-Нажди және Мұхаммед Хаят ас-Синди есімді Ханбали мәзһабының танымал ғалымдарынан дәріс алады. Онда «Кутубус-ситта», «әл-Мууатта», «әл-Муснад» атты хадис кітаптарын оқып шығады. Оқи жүріп Ибн Тәймияның пәтуаларымен танысады. Оның дінге қатысты пікірлерін басшылыққа алып, жаңғыртуға көшеді. Сол заманның үрдісі бойынша, білімін шыңдау мақсатында Басраға аттанады. Онда түрлі ағым өкілдері болғандықтан, солардың сенімдері мен ұстанымдарын жақыннан тани түседі. Білімін жетілдірумен қатар, таухид мәселесі турасындағы пікірсайыстарға қатысып, белсенділік танытады. Мұндай жиындарда «дінді тікелей Құран және сүнеттен үйрену керек» деген ұстанымын дәлелдеуге және қорғауға тырысқан болатын [2/209-б].

Осы орайда Мұхаммед Ибн Абдул-Уаһһабтың ағасы – Сүлеймен Ибн Әбдул-Уаһһаб «Сауаик ал-Ахия радду ала Уаһһабия» атты еңбегінде:
«Сендердің мәзһабтарыңның (уаһһапшылдықтың) жалған екендігін мына нәрселер көрсетеді:

و مما يدل على بطلان مذهبكم ما روى أبو هريرة رضي الله تعالى عنه عن النبيص أنه قال  

( رأس الكفر نحو المشرق ) و في رواية ( الإيمان يماني و الفتنة من ها هنا حيث يطلع قرن الشيطان

 Әбу Хурайра (р.а): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Күпірліктің басы шығыстан шығады», - деген. Риуаят жалғасында: «Сенім – Йеменде, ал бүлік – осы жерде, Шайтанның мүйізі осы жерден пайда болады», - деген [3/93-б].

Имам Ануар Шах әл-Кашмири ад-Деюбанди (1292-1352һ/1875-1933ж) Имам әл-Бұхаридің «Сахихіне» жасаған «Файз ул-Бари» атты түсіндірмесінде:

وطعن في الامام محمد بن عبدالوهاب رحمه الله تعالى ، في كتابه ( فيض الباري ، 1/171 )

 فقـال : (أما محمد بن عبدالوهاب النجدي فإنه كان رجلاً بليداً قليل العلم

 «Шынтуайында, Мұхаммед Ибн әбдул-Уаһһаб ан-Нажди –зердесіз және оның білімі өте төмен болды», - деген [4/171].

Имам Мұхаммед Заһид әл-Каусари әл-Ханафи (1296-1371һ.ж.) «Табйин казб әл-Муфтари» атты еңбегінде:

يقول الامام الكوثري عن الوهابية في مقدمة كتابه «تبيين كذب المفترى» ص (18) حيث قال :

والحشوية يقصد الوهابية اسقطها الجهل و الجمود ,ترتئي آرارء جاهلية ورثتها من نحل كانوا عليها قبل الاسلام , وولهم راجت عليهم تمويهات المموهين من الثنوية و أهل الكتاب و الصابئة, لهم تقشف يخدعون به العامة و جهالات لا يتصورها عاقل , و هم غلاظ الطباع قساة جفاة يتحينون الفرص لاحداث القلاقل, لا يظهر لهم قول الا عند ضعف الاسلام , و يستفحل أمر الالحاد مع ظهور قولهم , هكذا في جميع أدوار التاريخ, خصومتهم متوجهة نحو العقل و العلوم النظرية و كل فرقة قائمة

«Хашауизм (уаһһабизм) – надандық пен жансақтыққа бой ұрғандар. Олар Исламға дейінгі надандық көзқарастарының мұрагері», - деген.

 Белгілері: Оларға кез-келген қарапайым мектеп оқушыларынан бастап, басқа дін өкілдерінен болған – християн, яһуди не сабииндер тойтарыс бере алады. Сауатсыз, білімсіз болған тақуа (аскет) адамдарды алдап-арбайды. Сондай-ақ, қатыгез, дөрекі, қатал, түрлі наразылық пен тәртіпсіздік сәтін пайдаланып, Ислам әлсіз жерде ғана сөзін жүргізіп, олар жүрген жерде құдайсыздық (атеизм) күшейе түседі. Бұл олардың пайда болуымен әлі күнге дейін жалғасып келеді. Және де олардың ең негізгі жауы – ақыл мен қолданбалы ғылым болып табылады», - деген [5/18-б].

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ұрпағынан болған Ханафи мәзһабының көрнекті өкілі, соңғы нүктесі атанған – Ибн әл-Абидин  (1198-1252һ./1784-1836м.) «Раддул-Мухтар әл-Дуррил Мухтар» атты еңбегінде Мұхаммед ибн Әбдул-Уаһһабтың соңына ергендер жайында: 

مطلب في أتباع ابن عبد الوهاب الخوارج في زماننا: قوله: «ويكفرون أصحاب نبينا (صلّى الله عليه وسلّم)» علمت أن هذا غير شرط في مسمى الخوارج، بل هو بيان لمن خرجوا على سيدنا علي رضي الله تعالى عنه، والا فيكفي فيهم اعتقادهم كفر من خرجوا عليه، كما وقع في زماننا في أتباع محمد بن عبد الوهاب الذين خرجوا من نجد وتغلّبوا على الحرمين، وكانوا ينتحلون مذهب الحنابلة، لكنهم اعتقدوا أنهم هم المسلمون وأن من خالف اعتقادهم مشركون، واستباحوا بذلك قتل أهل السنّة قتل علمائهم حتى كسر الله شوكتهم وخرب بلادهم وظفر بهم عساكر المسلمين عام ثلاث وثلاثين ومائتين وألف

«Біздің заманымыздың хауариждері – Ибн Әбдул-Уаһһабтың соңына ергендер. Олардың: «Олар пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сахабаларын күпірлікке шығарған», - дегені – хауариждік болу шартынан емес, алайда Али Ибн Әби Талибке (р.а.) қарсы шыққандарды атайды. Сондықтан да хауариждерден болу үшін – олар қарсы болғандарды күпірлікпен айыптау жеткілікті. Қазіргі таңдағы екі қасиетті әл-Харамды бақылауына алған Ибн әл-Абдул-Уаһһаб ән-Нәждидің соңына ерген Нәжідтен шыққандар. Сондай-ақ, олар «Ханбали мәзһабын ұстанушымыз» деп айтқанымен, өздерін ғана мұсылман санап, ал қарсы келгендерді – мушрикке (Аллаға серік қосқандар) балап, Алла Тағала олардың күшін талқандағанға дейін «Сүннет жұрты және жамағатындағылар» мен ғұламаларын өлтіруге рұқсат етті. Дегеімізбен, 1233 жылы мұсылман әскерлері олардың елдеріне соғыс ашып, жеңіске жетті», - делінген [6/262-б]. Тарихи деректерде 1233-жылы Мысырлық Ибрахим Пашаның әскерлері мен Абдул-Уаһһаб әскері арасында соғыс болып, нәтижесінде мұсылмандар жеңіске жеткендігі баяндалады.

Уаһапшылдық бағытының тармақтары

 «Сәләфизм» ағымының тармақтары – Мадхализм, Суруризм және Такфиризм болып бөлінеді. Бұл сәләфилік бағыттағы тармақтар – Мухаммад Ибн Абдул-Уаһһабтың көзқарастарын мойындап, ақидалық сенімдерін Ибн Таймияның ұстанымы негізінде бекітеді, мәзһаб пен сенім мектептерінің негіздерін қалаған «Сүннет жұрты және жамағаты» ғұламаларын теріске шығарып, тіпті, күпірлік деп айыптайды. Мәселен, Имам Әбу Ханифаның «Фиқһ әл-Акбар», «әл-Уасия» атты еңбегіне негіздеп жұмыстар жүргізген – Имам Жағфар әт-Тахауи, Имам Әбу Мансур әл-Матуриди, Имам әл-Ашғари сынды Ислам әлемі мойындаған ғалымдарды теріске шығарады. Олардың теріске шығаруындағы негізгі мәселе – Құрани-Кәрімдегі астарлы мағыналы аяттар ұғымы.

Сәләфилік ақидасының негізгі принципі – Ибн Таймия құрған «Таухидті Үшке бөлу» ақидасы. Демек, Алланың жалғыздығын зерттейтін «Таухид» ілімін – үшке бөліп қарастырады. Таухидті үшке бөліп қарастырудағы мақсаты – Алла Тағаланың құрандағы мүтәшабиһ аяттарына Құранда келген сөздің тікелей тілдік, күнделікті қолданыстағы мағынасын беріп, астарлы, мақсат етілген ойды ескеруші «тәуилді» жоққа шығарады. Сондай-ақ, Имам әл-Матуриди мен Имам әл-Ашғари сенім мектептерін теріске шығару болып табылады. Ал, Уаһһапшылдық бағыттағы – «Сәләфизм», «Мадхализм», «Суруризм» және «Такфиризм» тармақтарының барлығы дерлік Ибн Таймияның «Үш негіз» ақидасын ұстанады.      

Мадхализмнің негізін қалаушы – Раби әл-Мадхали. Оның толық аты жөні – Раби Ибн Хади Ибн Мұхаммед Ибн Уамайр әл-Мадхали. Ол 1351 жылы оңтүстік Сауд Арабиясындағы Самит қаласының батысында орналасқан Джарадия ауылында дүниеге келген. Әл-Мадхали – алғашқы сауаты мен ақида сабақтарын Самит қаласындағы «Сәләфилік» бағыттағы медреседе алған болатын. Сәләфилік бағыттағы ұстаздардан тәлім алып, сәләфилік ұстанымдары мен ақидалық әдіснамаларын жалғастырды.

Суруриттер – Салафилердің ішіндегі саяси, идеологиялық ағым. Оның негізін қалаған Мухаммад ас-Сурур Зейнул-Абидин. Ол Сирияның Харран қаласында дүниеге келген. Мухаммад Сурур бұрын «Ихуан ал-Муслимин» (мұсылман бауырлар) ұйымының ресми тұлғасы болған. Кейіннен ол ұйымнан шығып, өзінің саяси көзқарастарын Сауд арабиясында таратқан. Сауд Арабиясы патшалығында әскер қатарында офицерлік лауазымда болып, сондай-ақ «Имам» Ислам университетінде ұстаздық қызметтерін атқарған. Кейіннен Мухаммад Сурур Сауд Арабия билігін күпірлікке шығарып, араб елдерінен қашып, Ұлыбританиядан пана тапқан болатын.

Суруриліктің идеологиясын Сәләфизм мен Ихуанизмнің (жиһадизм) қосындысы десек болады. Оның негізі Ибн Таймиялықтар (XVI ғ.) мен Ихуаншылардың өз заманындағы көсемі – Сайд Құтыбтан (XX ғ.) бастау алған. Біріншісінен сәләфилік теріс ақиданың, кейнгілерден саяси басқару мен көтеріліс ұйымдастыру тәсілдерін алған-ды. Дегенмен, оның діни концепциясы «Ихуан ал-Муслимин» ұйымынан да соқыр сеніммен ере беретін сәләфилік бағытынан да әлдеқайда өзгеше. Суруриттердің басқа сәләфилерден айырмашылығы – олар мемлекет басшысының саясатына немесе ел басқару жүйесіне араласады. Бұл тұрғыда олар мемлекет басқаратын патша Суруриттік ағым өкілі болуымен қатар. кәпір елдермен ынтымақтастық қарым-қатынасты болдырмайды.

Сарапшылардың тұжырымы бойынша – Суруриттердің діни дайындығынан өткен адамның радикалданып, заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға қатысты шектен тыс төзімсіздік танытып, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да баратынын айтады.

Суруриттердің негізгі идеологтары ретінде Насыр әл-Омар, Сулайман әл-Ауда және Аид әл-Қарниды атауға болады.

Демек, Суруриттердің бағытына сараптамалық талдау жасай отырып  – «Ихуан әл-Муслимин» атты теріс бағыттағы саяси ағымның идеологиялық тұғырларын «сәләфизм» ағымының атын жамылушы топ деп танымдық анықтама берсек те болады.

Еліміздің дінтанушы мамандары да «Суруриттерге» қатысты діни тұрғыда  жан-жақты сараптама жасаған. Осыған орай, дінтанушы Мұхан Исахан былай дейді: «Қазақстанда уахапшылдықтың кең өріс алуына қызу жұмыс жасалды. Бұл кезде уахапшылдық ілім елімізге Сурурия және Мадхалия тармағымен тарала бастады. Задында, бұл діни тармақтар Сауд Арабиясында 1990 жылдары пайда болды. Олардың тарих сахнасына шығуының себебі, тоқсаныншы жылдары Ирак билеушісі Саддам Хусейн Кувейтті окупациялағаннан кейін, Сауд Арабиясы Бағдаттың әскери әрекетінен қауіптеніп, АҚШ-пен ауыз жаласты. Яғни, Ирак Хизаж аймағына әскери шапқыншылық жасар болса, АҚШ Саудияны қорғайтын болып келісім жасалды. Осының нәтижесінде қасиетті Қағбаны иелік еткен ел Протестанттық алпауыт мемлекетке (АҚШ) протекторат (бір мемлекеттің әскери қорғауында болу) ретінде бағынышты  болды. Саудия үкіметінің бұл шешіміне наразы болған Ахмет Сурури бастаған діни азшылық топ король билігін «кәпірге» шығарды. Олардың пайымынша, мұсылман мемлекеті өзге дін өкілдерімен ауыз жаласпай, өзіндік мұсылмандық мүддені қорғауға тиісті-тін. Ал, биліктің саясатын жақтаған Мұхаммед Мадхали бастаған топ Сурурияның ұстанымын терістеді. Тіпті, Албани секілді Мадхалия өкілдері Сурурияны «Үмбеттің Хауариждері» деп атады» [2/1-б.]. Демек, мұнда Суруия ағымының қоғамға кері әсерін тигізетіні жөнінде анық баяндалған. Сондай-ақ, сәләфизм көсемдерінің суруриттерді «Хауариждер» деп сипаттағанымен, айыптаушы тараптың өзі де сенім тұғырлары мен мәзһаб мойындамауларымен аталмыш топтан ешқандай ерекшеленбейді. Өйткені Сәләфизм, Мадхализм және Суруризм бағыттары – Сүннет жұрты және жамағатының қағидаттары мен алғышарттарына қайшы келеді. Аталмыш топтардың Сүннет салтынан айырмаларына – ақида негіздерін бұрмалап, оның ішінде «Таухид» ілімін үшке бөліп қарастыру, Аллаһ Тағаланың затына қатысты антропоморфизмдік, яғни дене бітім бекітушілік пікірлер, Құран аяттарының астарларын теріске шығару идеяларын жатқызуға болады. Олардың басты ерекшеліктері: Ислам ғұламаларына тіл тигізіп, мәзһаб ұстануға қарсылық танытып, өздерінің санаулы көсемдеріне ғана бағыну болып табылады.

Қазіргі таңда үмбеттің жанашырларының ыждағаттары нәтижесінде аталмыш топтар барынша «Конспирация» тәсілін жүзеге асыруда. Яғни, Сурурия ағымы өздерінің жансақ пікірлерін тарату мақсатында жасырын әрекет тәсілін қолдануда. Осы орайда М.Исахан: «Олар Қазақ қоғамына сыйымды болуы үшін әзірге орсақ тістерін көрсетпей, шынайы құбыжық бейнесін қашан асыл мұраттарына иек артқанға дейін жасыра тұруды жөн санады. Сөйтіп, уахапшылдар «қалыпты салафиттер» деген  ғылыми негізсіз, жалаң тұжырыммен жұмыс жасауға көшті. Сурурия тармағының бұл әдіс-айласы теология ғылымында «тахия» (жасырыну) деп аталады. Яғни, олардың бұл әдісінен елімізде уахапшылдықтың «Тахияшылар» атты тармағы ортаға шықты. Ішкі ындыны айпарадай анық көрінбегенімен, осы тахияшылар уахапшылардың ішіндегі ең қауіпті тармағы саналады. Өйткені, тахияшылар қалың бұқараның қамын жеген болып көрініп, көпшіліктің сеніміне кіріп, ыңғайы келгенде сол ұлттың салт-мәдениетінің жаназасын шығаруға құмбыл тұрады», - деген [2/1-б.].

Сурурия ағымының жасырын жұмыс жасауы бірден-бір дәйек – олардың іс-әрекеттері қоғамдағы дәстүрлі дінімізге кері әсерінің тиюі. Бұл ағымының сенім негіздеріне келер болсақ, олар Ибн Таймияның ақида іліміне қарасты шығармаларын өздеріне қайнар тұтады.

Ибн Таймия – 661/1263 жылы солтүстік Сириядағы Харранда дүниеге келген. Сәләфизм ағымының негізін қалаушы. Ислам ғұламаларының қағидаларына қайшы келіп, «Таухид» ілімін үшке бөлуді діннің негізі деп, Құрани-Кәрімдегі мүтәшабиһ аяттарды тікелей мағынасында қабылдаған. Алайда, бұл пікірлерді әлемнің Ислам ғұламалары бір ауыздан теріске шығарды.

 Түйетініміз: Уаһапшылардың қатарына жататын – Сурурит, Мадхалит және Такфир жамағаттарының ақида (сенім) негіздері бір болғанымен, діни көзқарастары мен саяси ұстанымдары әртүрлі.

Енді бұлардың әрқайсынына, қысқа да болса, жеке-жеке шолу жасап өткеніміз жөн.

Суруриттердің ақида тұрғысындағы көзқарастары қалған екі топтың ұстанымымен бірдей. Бірақ, Исламды жеткізу мен түсінудегі пікірлері қарама-қайшы. Міне, осы келіспеушілік уаһапшылардың өз ішінде бөлінетіндігінің басты айғағы. Ал қазіргі таңда өздерінің теріс пиғылды пікірлерін тарату істерімен қарқынды жұмыс жасап отырған ағым – Мадхалиттер. Десек те, олар өздерін мадхалиттер деп атауға қарсы, себебі өздерін  «біз Рабиғ әл-Мадхалидің шәкірттері емеспіз» деп ақтайды. Сондықтан да, өздеріне тағылған бұл атауды негізсіз деп таниды. Бірақ, олардың мойындайтын көсемдерінің барлығы дерлік – Рабиғ әл-Мадхалидің ұстанымын жақтайды. Мадхалиттер алғашқы уаһапшыларға қарағанда аз да болса жұмсақтық танытады. Сондай-ақ, үлкен күнә жасағандарды кәпір санағанын ашық жарияламайды, бірақ мәзһапқа еруді адасушылық санатына жатқызады. Белді Ислам ғұламаларын даттап, мәзһапты мойындамағанымен өздерінің ұстанған жолдарын тура сол мәзһап қатарына жатқызуға болады. Себебі ол да бір жүйеленген көзқарастар жиынтығы, діни жол. Айырмашылығы – Исламның ғылыми ортасы оларды тура бағыттағы, ұстануға ұсынылатын ресми діни жол ретінде қарастырмайды. Ал олар болса, ақида сенім жүйесінің негізін қалаған Сүннет жұрты және жамағатының аты әлемге әйгілі ғалымдары – Имам Әбу Мансур әл-Матуриди және Имам әл-Ашғари сынды ақиқат сенім тұғырларын жоққа шығарғанымен қоймай, оларға «адасқан философтар» деген сынды жала жабудан да тайынбайды.

Бүгінгі таңда ағымдардың түпті ақиқаты ашыла түсуде. Сондықтан да, сурурия ағымы – ихуандық бағыттағы, салафия жамылғысын жамылған, айла-тәсілдері қоғамдағы аса қатерлі болып есептелетін топтардан болып табылады дей аламыз. Өйткені, ішкі дүниелері мен көзқарастары мүлдем бөлек. Ал мұндай теріс сенімдегі ағымдардың қоғам бірлігі мен ынтымағына, өсіп-өркендеуіне зиян тигізері сөзсіз. Әлемдегі мұсылман елдері дәстүрлі Исламға қайшы келетін сенімдегі ағымдардың үгіт-насихат жүргізуіне тыйым салған, тіпті ресми тіркеуге де алмаған. Мұндай дін атын жамылып, шынайы Исламға залалын тигізуші адасқан ағым өкілдерінің сөзіне құлақ салмас бұрын, олардың тарих сахнасында пайда болу себептері мен мақсаттарына мән беріп, зияндылығы анықталған жағдайда ел болашағы мен мүддесі тұрғысынан сарапқа салып, қажетінше оларға тиісті шара жасауды талап ететіндігі екендігі даусыз. Алла қоғамымызды бөлінушіліктен алыс, бүліктен ада еткей.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1)      С.Тәжібаев. «Қазақ даласынан шыққан – кәләм ғалымдары». Мақала. «ҚАЗҰУ философия және саясаттану факультеті». Халықаралық ғылыми-зерттеу конференция. 2014. 8-б.

2)      С. Сейтбеков, «Мәзһабтар тарихы», 209-б.

3)      Сүлеймен ибн әбдул-Уаһһаб. «Сауаик ала Ихийа рад әля уахабия», 93-б.

4)      «Файд ул-Бари»,

5)      Әл-Каусари, «Муқаддимат, Табйин казб әл-муфтари»,18-б.

6)      «Раддул Мухтар ала ад-Дурр ал-Мухтар», 4-ші том, 262-бет.

7)      М.Исахан. «Пайғамбарлық басқару – бұл қайталанбас озық мемлекет нысаны». Мақала. Ислам және өркениет журналы. 2014. 4-б.

8)      Ислам энциклопедилық анықтамалық,«Аруна» баспасы.–Алматы 2010. 591-б.

 

С.Тәжібаев

 Мемлекетіміздің тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі, ұлт руханиятының қайнар көзі тіл, діл, дінді өркендетуге жол ашты. Халқымыздың рухани құндылықтарының бірі ислам дінінің қайта жаңғыру үдерісі діни сана мен діндарлықтың жандануына ықпал етті. Енді осы діндарлықты дұрыс жеткізе білу міндеті мемлекетіміздің оның ішінде ҚМДБ-ның және дін мамандарының алдында тұрған үлкен жауапкершілік.

Категориясы Ислам әдебі

  АСТАНА. 8 қазан. E-islam.kz - Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстанның 4-ші ислам конференциясында, елімізде ислами қаржыландыру секторы қалыптастырылады деп мәлім еткен. Яғни, шариғат талаптарына сай қаржы бөлінеді. Бұл жайында BNews.kz. ақпарат көзі хабар таратты.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының штаб-пәтері Қазақстанда орналасады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті. "Еске салсақ, жиында «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болатын" деп хабарлайды "Қазақпарат".

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 8 қазан. E-islam.kz - Австралиялықтар исламофобтарға қарсы шара ретінде арнайы бейнеролик түсірді.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 8 қазан. E-islam.kz - Бұдан былай елімізге келетін шетелдіктердің лаңкестік пен экстремизмге қатысы бар нышаны байқалса ел аумағына кіруге тыйым салынады.

Категориясы Басты жаңалықтар
Сәрсенбі, 08 Қазан 2014 05:45

"Азан.кз" сайтына демеуші қажет


АСТАНА. 8 қазан. E-islam.kz - Естеріңізде болса, Алматыдағы Орталық мешіттің сайты бұдан бұрын да сайттың қазақша нұсқасын шығару үшін жамағаттан көмек сұраған болатын. Бұл жолы да олар сайттың қызметін кеңейту мақсатымен Сізждердің көмектеріңізге жүгініп отыр. Түсініктірек болу үшін, "Азан.кз" сайтында жарияланған хабарландыруды өзгертусіз ұсынуды жөн көрдік.
 
Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 8 қазан. E-islam.kz - "ИШИР" жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдади Құрбан айт қарсаңында қарамағындағы әскерлеріне 1 қой, 100 доллар көлеміндегі сыйақыны тарту еткен. 

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Сәрсенбі, 08 Қазан 2014 05:02

Қарттар үйін қуаныш кернеді

АСТАНА. 8 қазан. E-islam.kz - «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қарттар үйінде мерекелік кеш өткізді деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Page 1 of 2

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper