Дінтану пәнін кімдер оқытуы керек?

Сейсенбі, 16 Қыркүйек 2014 12:28

Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау қаласындағы мектептер бойынша «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне «Дінтану негіздері» пәнін оқытып-үйретудің тиімділігі мен діни білімді жетілдірудің жолдары» тақырыбында оқыту-семинарын қорытындылады.

Семинарды Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» башысы Есенғалиев Жарас Мағазұлы ашып, дәріс оқитын елімізге белгілі теолог, дінтанушыларды таныстырды. Сонымен қатар, шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталып,  семинар жұмысына сәттілік тіледі.  Семинар барысында А.Аташев – «Дінтану негіздері» пәнін оқытып-үйретудің тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап дінтану пәнін оқушыларға қалай үйрету керек? Оның тиімділігі қандай? деген сұрақтарға арнайы тоқталды.

 - Дін – мәдениеттің де, тарихтың да негізгі платформасы. Сондықтан, бұл дінге бей-жай қарауға болмайды. Әсіресе, мектеп бағдарламасына көбірек көңіл бөлуіміз керек. Мектеп мұғалімдері діни сауатын ұдайы арттырып отырған жөн. Бұл ретте дінтанушы ғалымдардың қатысуымен арнайы оқулық жазылып, мектеп бағдарламасына енгізілсе бұл діни сауатсыздықты алдын алудың бір жолы болар еді, - деді.  Ал, теолог Жұмағұл Қанат «Тыйым салынған және дәстүрлі емес ағымдар және олардың зияндары» тақырыбында баяндап, дәстүрлі ислам дінінің бағыты – ханафи мәзһабы мен матуриди сенім мектебі туралы туралы түсінік берді. Исламда ата-ананың баласы алдындағы басты парызы – оны имандылыққа тәрбиелеу. Имандылық – адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қалай сіңеді? Әлбетте, оның негізі – отбасында, әке мен ананың үлгілі өнегесінде, тіпті, ананың құрсағынан бастап қалыптасады. Сондықтан, бала тәрбиесі – Алла алдындағы жауапкершілік екенін ұмытпау керек. Тақырып төңірегінде психолог, теолог Өсімхан Тілеуов баяндап, қасиетті хадистерден мысалдар келтіре айтты. Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Сонымен қатар Қор директорының орынбасары Айбек Аташев аталған шараны қорытындылап, әдістемелік құралдар таратылды. Шараға 53 мұғалім қатысты.

E-islam.kz

Оқылды 1064 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Жеотқосан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Құран (аудио)

JoomShaper