Имамға тағылған жала...

Дүйсенбі, 15 Қыркүйек 2014 11:21

Естеріңізде болса, өткен аптада Щучье қаласының ақсақалдары Бурабай аудандық  мешітінің имамы  Тоқсанбай Шариповты "жамағаттан түскен қаражатқа қол салды" деп айыптаған болатын. Бұл мәселе "КТК" арнасынан таралып, елдің назарын өзіне еріксіз аударған еді. 

Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының имамына байланысты мәселе ҚМДБ назарынан тыс қалмады. Ақсақалдардың арызын тексеру барысында, имам жұмысынан кінәрат таппаған ҚМДБ арызданушылар тарапынан тағылған айыпты негізсіз деп тапқан. Бұл туралы "Facebook"-та Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин хабарлады. «ҚМДБ-ның мәліметі бойынша, олар барлық  шағымдарды уақытында қарастырып, тиісті тексерулер жүргізген, нәтижесінде имамның үстінен түсірген шағым негізсі болып шықты »  дейді Шойкин өз парақшасында. Айта кетейік, жергілікті ақсақалдардың пікірін мешіт жамағаты да растамаған. Керісінше, олар өз имамдарына айтылған сынды "жала" деп отыр. 

E- islam.kz

Оқылды 425 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қыркүйек 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Құран (аудио)

JoomShaper