Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
Материалы отфильтрованы по дате: Сәрсенбі, 01 Қазан 2014

Астана. 1 қазан. E-islam.kz – Жаңа Қылмыстық кодексте ата-анасын көкірегінен итергендер енді заң алдында жауапкершілікке тартылып, 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы қарастырылғанын Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров мәлім етті. Бұл жайлы «Baq.kz» хабарлады.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Бұл мақала ақырзаман туралы емес!!! Қажылық маусымында күн Мекке аймағы үшін тас төбеде тұратын мерзім. Күн сәулесі тіке түскеннен кейін, қағбаның көлеңкесі жерге түспейді. Осынау ғажайыпты көзбен көргеннің арманы бар ма? Иә, бірер күннен соң, дәулеті жеткен мұсылманға парыз болып бекітілген ұлы құлшылық қажылық басталады. 4 миллионнан астам адам қасиетті Мекке шаһарына жиналып, бір мезетте Алладан тыныштық, екі өмірдің бақытын сұрасады. Осы ұлық маусымның қарсаңында "Е-Ислам" сайтының журналисі Нұрбек Бекбау арнайы мақалалар сериясын дайындады. Қасиетті қалада бастан өткерген оқиғаларымен бөліседі ол. Алғаш рет қажылық жасаушы адамның көп ұшырасатын қиындықтары мен қызықтарын теріпті. Мақала еріксіз езу тартқызатын сатира стилінде, жатық тілде жазылған. Күле отырып, ойландыратын, моральға толы мақала қысқасы.  Оқыңыз, мархабат!.. Алғашқы үш күннің  оқиғаларынан қалыс қалмаңыз...

Категориясы Қажылық
Сәрсенбі, 01 Қазан 2014 06:07

Қазақ даласындағы көне құрандар

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қорының рухани қазынасы ислам мәдениеті тарихын зерттеуде аса маңызды орын алатыны анық. Әйтседе, көне қолжазбалар мен жәдігерлердің өзге діни орталықтарға, тіпті, шетелдік қорлар мен мұражайларға таратылып кетуі мұрамызды кешенді түрде зерттеуде кедергісін келтіруде. Алайда, жоғалған жәдігерлеріміздің табылғаны туралы сүйінші хабарларға, әсіресе ғалымдар қауымы ерекше қуанышты. Бұл осыған дейін беймәлім болып келген жаңа дерек көздерін ашып, еліміздегі ислам тарихын жан-жақты талдап, саралауға мол мүмкіндік береді.

Сәрсенбі, 01 Қазан 2014 05:31

Қажылар Минаға аттанады

1 қазан. Астана. E-islam.kz – Меккеге жеткен отандастарымыз парыз қажылық өтеуге дайындалып жатыр деп хабарлайды E-islam.kz тілшісі.

Категориясы Басты жаңалықтар

АСТАНА. 1 қазан. E-islam.kz - Қазіргі таңда діни ахуалдың елімізде ғана емес, әлемде күрделеніп тұрғаны рас. Дәстүрлі Ислам дінінің атын жамылған жат ағымдықтардың залалын айқын аңғарған үкімет арнайы заң шығарып, нақты шараларды да қолға алғанын білеміз. Десе де, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы тоқырау сәттерде тамырын тереңге тартып үлгерген радикалды дін өкілдерінің тынысын тарылтып, бетін қайтару оңайға соғып жатқан жоқ. Тура жолға түсемін деп, бөгде пиғылдылардың жетегінде кетіп жатқан жастар әлі де бар. Көкейдегі осындай түйткілдерден туған сауалдарымызды Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Жорабек Дәуреновке қойған едік...

– Жорабек Әбдімәжитұлы, елордадағы діни ахуал төңірегінде әңгімелессек, бас шаһарда бүгінде нақты қанша діни бірлестік жұмыс істейді? Олардың жұмысына қысқаша тоқталсаңыз.

– Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында 17 конфессиядан тұратын 3088 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның ішінде, Астана қаласында 14 конфессиядан тұратын 48 діни бірлестік тіркелген. Тарқатып айтсам, олардың бесеуі – православ, төртеуі – католик, жиырма сегізі протестанттық, біреуі бахаи, біреуі кришнаизм және біреуі иудаизм бағытында. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты сегіз мешіт бар. Бұлардың барлығы заң талаптарына сай жұмыстарын атқаруда. Ең бастысы, бір-бірімен тату, бейбіт келісімдерін бұзған емес. Осыған қарап, Астанадағы діни ахуал тұрақты деп айтуға әбден болады.

Рас, арагідік радикалды ағымдардың іс-әрекеттері байқалып қалып жатады. Алайда, құзырлы орган өкілдерімен бірлескен дер кезіндегі қимылымыздың арқасында жағдайды ушықтырған емеспіз.

– Оқырмандарымыз біле жүрсін, белгісіз діни ұйымдардың мүшелері көшеде, қоғамдық орындарда немесе тұрғылықты жеріне келіп діни әдебиеттер ұсынып, діни жиындарға қатысуға шақырып жүрсе, не істеу керек, қандай амалдарға барған жөн?

– Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында яғни жергілікті атқарушы органдардың арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол берілгенін баса айтуым керек. Бүгінгі таңда, Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен елордада діни әдебиеттерді сатуға рұқсат етілген 8 орын белгіленген, оған қоса 48 діни бірлестіктің аумағында таратуға рұқсат етіледі. Жалпы - 56 орын.

Ал сіз айтқандай басқа орындарда діни әдебиеттер ұсынып, діни жиындарға қатысуға шақырып жүрсе, ондай әрекеттер заңсыз діни әдебиеттер тарату және заңсыз миссионерлік қызмет болып табылады. Және «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 375 бабы негізінде сот шешімімен 50-ден 100 АЕК көлеміндегі айыппұл тағайндалуы мүмкін. Яғни, осындай жағдайларға тап болған немесе кездескен адам ең алдымен «102» полицияға немесе 78-22-88 Сенім телефонына хабарласқаны жөн. Содан кейін істің ақ-қарасы анықталып, құзырлы органдар тарапынан қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. 

– Қазіргі таңда Астана көшелерінен, мешіттері маңынан етегі шұбатылған көйлек, хиджап киген әйелдер мен қысқа балақ шалбарлы, сақалдары қауғадай жастарды, ерлерді көп кездестіретінімізге көзіміз үйренді. Ал мұндай жандардың түпкі пиғылы күдікті көрінеді кейде. Мұндайларға қандай да бір заң талаптары жоқ па?

Қазақстан Республикасының заңнамасында адамның киім кіиуіне, сыртқы келбетіне қатысты қандай да бір шектуелер белгіленбеген. Конституциямыздың 14-бабының 2-тармағында да адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығы нақты көрсетілген. Сондықтан, бұл сауалға қатысты айтарым, адамның сыртқы пішімі мен киіміне қандай да бір тосқауыл жасау немесе ол жөнінде арына нұқсан келтіру заңсыз әрекет болып табылады және ондай әрекеттерге арнайы заңдармен шек қойылады.

Бұл жерде діни сенімі бойынша түсінбеушіліктен немесе басқа елдердің мәдениетіне елікету жағынан қарастыратын болсақ, қала аумағында, әсіресе жастар арасында, білікті мамандар Қазақстандағы дәстүрлі діндер құндылықтары мен салт-дәстүріне негізделген түсіндіру шараларын, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізуде. Тек заң талаптарымен шектеу қою арқылы түбегейлі шешеміз десек, жаңылған болар едік. Бұл  мәселеде отбасылық тәрбиенің мәні зор.  Егер ұлтымызға, дәстүрлі дінімізге жанымыз ашыса, бұл шараға әрбіріміз атсалысуымыз керек. Әр отбасы балаларын мәдениетімізді сақтап, тарихи қалыптасқан құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелесе, Елбасымыздың қазақстан халқына Жолдаундағы айтқан әр адамның, әсіресе жастардың «іщкі филтірін» қалыптастыру арқылы, түсінбеушілік, адасу, електеу сияқты келеңсіз жағдайлардан туындайтын проблемеларды мейлінше жеңуге болады.

– Жорабек Әбдімәжитұлы, бүгінгі таңда шаңырақ көтерген отбасылардың дені некелерін мұсылманша мешітке барып қидырғанды жөн санайды. Алайда, ондағы дін қызметкерлері жас жұбайлардан алдымен АХАТ органдарында тіркелгені туралы куәлігін сұрайды. Бұл қадамға қандай мақсатпен бардыңыздар?

– Біздің еліміз – зайырлы, құқықтық мемлекет. Сол себепті, АХАТ органына тіркелудің мәртебесі жоғары, заңды күші бар. Жас отбасы АХАТ органына тіркелу арқылы Неке және отбасы туралы заңнамадағы отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.  Ал, діни неке қию рәсімі әр адамның өз еркі, оны Астана қаласында тіркелген мешіттерде жүзеге асыруға болады.

Бүгінгі таңда, неке қиып, біраз уақыттан соң «талақ» айтылып, ажырасу етек алды. Мұндай жағдай, жетім балалар мен жалғыз басты аналар санының көбеюіне, әкелік міндетті мойындамауға әкеледі. Сондықтан, АХАТ-дағы некелесу жоғарыда көрсетілген келеңсіз жағдайларды болдырмауға, заңнама тұрғысынан әлеуметтік қорғалуға мүмкіндігінше кепілдік береді.

– Сөздің реті келгенде сұрай кетсек, дүкен сөрелерінде, базар нүктелерінде сыртына «халал» деген сөзді жапсырған тауарлар көп. Ал тұтынушылар тарапынан солардың кейбірінің күмән тудыратыны жиі айтылады. Шындығында, бізде «халал» сертификатын ұсынатын, тексеретін арнайы мекеме бар ма?

– Бүгінде жергілікті әкімдіктердің Дін істері жөніндегі басқармалары «халал» өнімдеріне қатысты қызмет түрлерін көрсетпейді. Десе де, айта кетейін, халал сертификатын алу үшін арнайы қойылатын шарттары бар. Бұл негізінен, діни ұстанымға байланысты екенін білеміз. Бүгінде, кей кәсіпкерлер тарапынан жарнамалық тұрғыданда қолданылып жүргені жасырын емес. «Халал» ұғымы өндірілетін өнімдердің технологиясына қойылатын талаптар болып табылады, ол негізінен тамақ өнімдеріне қатысты көбірек қолданылады.

2005 жылдың 11 сәуiрiнде «Халал» тамаққа қолдануға рұқсат етiлген өнiмдердiң өндiрiсiне және саудасына бақылауды жүзеге асыру, өндiрiстi және сауданы ұйымдастыру тәртiбi туралы ереже» әзiрленiп бекiтiлдi. Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң №386 бұйрығымен Қазақстан Республикасында СТ 1353-2005 «Халал» пiсiрiлген шұжықтардың жалпы техникалық шарттарының мемлекеттiк стандарты анықталды. Сол жылдан бері Сауда және индустрия министрлігі жанынан құрылған Стандарттау комитеті ұлттық экономиканы, өндiрiстi дамыта отырып, адамдар мен қоғамның денсаулығына және қауiпсiздiгiне жағымды әсер ету, тұтынушыларды қорғау құралы ретiнде, iшкi және сыртқы саудаға, сондай-ақ шариғаттың негiзгi ережелерiне сәйкес «Халал» индустриясының дамуына көмектесуді және нығайтуды жүзеге асырады. Бұл комитет  қазірде Қазақстандағы әрбір халал өнім өндіретін кәсіпорындардың өнімдерін тексеріп, тексеру қанағаттанарлық жағдайдан өткен соң оларға Халал стандартының серификатын береді. 

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген – Асхат РАЙҚҰЛ

Категориясы Сұхбат
Сәрсенбі, 01 Қазан 2014 04:46

Талақ мәселесі

Категориясы Иман айнасы
Сәрсенбі, 01 Қазан 2014 04:41

ИШИР мектеп оқушыларын босатты

АСТАНА. 1 қазан. E-islam.kz - "ИШИР" тобымен ұрланған күрд мектептерінің 70 оқушысы босатылды.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 1 қазан. E-islam.kz - АҚШ-та Эбола індетін жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы "Associated Press" агенттігі хабарлады. 

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 01 қазан. E-islam.kz - Осы жылдың 4 мен 6 қазан аралығында мұсылмандар исламдағы ең үлкен мереке - Құрбан айт мейрамын тойлайды. Құрбан шалу дәстүрі сонау Ибрагим пайғамбардың (р.а.) кезінен бері жалғасып келеді. Мұсылмандар бұл күні мерекелік намаздан кейін құрбандық шалып, оның етін жақын туыстарына, достарына, көршілеріне, жоқ-жітіктерге таратады.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Сәрсенбі, 01 Қазан 2014 03:49

Үлкенге құрмет

Категориясы Әр түрлі
Page 1 of 2

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper