Айнұр Әбдірәсілқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,
араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Еңбектері Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

Арнау сөзі

Армысыздар, қадірлі замандастар!

Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.

Еңбектері

  • 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
  • 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
  • 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
  • 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
  • 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
  • 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
  • 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.

Мақалалары

  • Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
  • Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
  • Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
  • Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
  • Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
  • Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
  • Ислам еңбек жайында
  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
  • Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
  • Тіл өнері – дертпен тең
  • Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
  • Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
  • Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
  • Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
  • Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
  • Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
  • Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
  • БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
  • Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
  • Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
  • «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
  • Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
  • Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
  • Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
  • Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
  • Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
  • Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
  • «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
  • «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
  • Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
  • Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
  • Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
  • Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
  • «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
  • Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
Материалы отфильтрованы по дате: Бейсенбі, 16 Қазан 2014

АСТАНА. 16 қазан. E-islam.kz - Жүрек  –  адамның құлағы мен сезім мүшелері сезбейтін әлдебір нәрселерді сезеді және оның өзінше ойлау қабілеті бар. Бұл – мимен ойлаудан басқа, илаһи құбылыс.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Бейсенбі, 16 Қазан 2014 08:49

"Хизб-ут Тахриршылар" ұсталды

АСТАНА. 16 қазан. E-islam.kz - Тататрстан астанасы Қазан қаласынан "Хизб-ут тахрир" ұйымының мүшелерін құрықтады.

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Бейсенбі, 16 Қазан 2014 08:40

Сәкен Сейфуллин мұражайы

Астана қаласындағы С.Сейфуллин мұражайы 

                                                                                      Мәжіліс залы

                                                                  Мемлекеттік қызмет залы


                                                                            Әдеби зал


                                                                         Педагогика залы


                                                                      Жұмыс бөлмесі


                                                                        Жатын бөлме

                                                                   "Ер есімі-ел есінде" залы


                                                                           С.Сейфуллин ескерткіші

   

                         С.Сейфуллиннің костюм-шалбары мен аяқ-киімі

   

                                                         Жеке пайдаланған заттары

                                                                                Баспа машинка

    

                                   Патефон                                                  Сағат, фотоаппарат

                                                                                   Қару-жарағы

                                                                     Қалталы алтын сағаты

                                                                         Мүштігі

                                                                                 Әмияны

                                                                              Француз әтірі

 

Категориясы Фото

АСТАНА. 16 қазан. E-islam.kz - Мамлюк Асханұлы Мусаевтың осы жылы имамдық қызмет атқарғанына 20 жылдың жүзі болды.

1991 жылы Ташкент медресесін оқып, діни сауатын ашқан ол артынша Кентау қаласындағы Әл-Фараби атындағы №14 орта мектебінде Дінтану пәні бойынша ұстаздық қызмет атқарды. Ал 1992-1994 ж.ж. Алматы қаласы Жоғары Ислам институтын бітіргеннен кейін, ұлағатты имамдық қызметке қадам басты. Сол кезеңнен бері отанымыздың жүрегі Елордамызда тапжылмастан имамдық қызмет атқарып келеді.  Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті «Дінтанушы» мамандығының түлегі.

Қадірменді оқырман қауым, назарларыңызға өмірін ата дініміздің арда құндылықтарын насихаттау жолына арнаған ардагер имам Мамлюк қажы Асханұлымен болған сұхбатымызды ұсынамыз.

Категориясы Сұхбат

Еуразиялық менталитеттің арқасында Қазақстанда діни қайшылықтар, қақтығыстар туындататын ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы Астанада «Бүгінгі Қазақстанның діни алуандығы» тақырыбындағы жиында Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының директоры Александр Клюшев мәлімдеген.

Категориясы Басты жаңалықтар

АСТАНА. 16 қазан. E-islam.kz - Журналист Роджер Скратон "Форбес" басылымынан шыққан мақаласында Сирия мен Ирак жерлеріндегі халықтың ұлттық рухынан айрылғандықтан, жауынан мысы басылып отырғанын нақтылаған. 

Категориясы Басты жаңалықтар
Бейсенбі, 16 Қазан 2014 04:35

Жат ағымнан қорғау мақсатында

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қала колледждерінің 1 курс студенттерінің діни сауаттылық деңгейлерін көтеру мақсатында дін қызметкерлерімен кездесу өтті.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

АСТАНА. 16 қазан. E-islam.kz - Кеше ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы діни бірлестіктер көшбасшыларымен кездесу өткізді.  

Категориясы Соңғы жаңалықтар
Бейсенбі, 16 Қазан 2014 03:57

Әл-Фарабидің 10 еңбегі табылды

АСТАНА. 16 қазан. E-islam.kz - Алматыдағы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор Әбсаттар Дербісәлі ұлы ғалымның 10 трактатын Испания кітапханасынан тапқанын баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, арнайы мәлімдеген.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

Қайырғалиев
Мақсатбек

Толық ақпарат Сұрақ қою

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қазан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Құран (аудио)

JoomShaper