Француздар «Айша бибі» жайлы осындан мың жыл бұрын білген екен

Дүйсенбі, 18 Қараша 2013 15:22

Қазақ жері француз ғалымдары үшін жаңалық емес

Алматы қаласында өткен ЮНЕСКО-ның мәдениеттер арасындағы үнқатысуды қолдауға арналған Ұлы Жібек жолы халықаралық форумында француз ғалымы Айша бибі мен оның кесенесі туралы арнайы баяндама жасады, деп жазады tonykok.kz сайты. Әулиеата өңіріндегі Айша бибі кесенесі туралы баяндама жасаған Францияның Академиялық Пальма орденінің иегері, Құрметті профессор Альбер Фишлер: «Айша бибі мен оның кесенесі туралы деректерді француздар осыдан 900 жылдай уақыт бұрын білді. Қазақ жері француз ғалымдары үшін жаңалық емес. Оның тарихы мен бай қазынасы туралы деректерді біздің ғалымдар мың жыл бұрын білген. Бұл екі елдің арасындағы рухани байланыстың болғандығын дәлелдейді. Айта өтейін, Айша бибі туралы француз халқын хабардар еткен монах Гийома Рубрук болатын. Ол қазақ жеріне 1254 жылы 29 наурызда саяхатын бастады. Өз саяхатында қымыз туралы да мәліметтер алып келіп, еуропалықтардың Азияға қызығушылығын оятқан. Тіпті, үлкен көлемде сауда жасайтын орталық базарлары болғанын да осы монахтың саяхатындағы жазбаларынан білеміз. Мыңдаған жыл бұрын қазақ жерінде өркениеттің осындай жетістіктері болғанын дәлелдеуге француз саяхатшыларының үлес қосқанын атап өткім келеді», - дейді профессор. Айша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының маңындағы скифтер заманынан басталатын қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі арихитектуралық әсем ескерткіш. Аңыздарда оны Зеңгі бабаның қызы еді дейді. e-islam.kz

Оқылды 785 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Жеотқосан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Құран (аудио)

JoomShaper