Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы

Құрметті қазақстандықтар, Жұртшылық назарына Қазақ ғалымдарының өнегелі сөздері арқылы дәстүрлі Ислам діні туралы шынайы білім ұсынып отырған «E-islam» ақпараттық-ағартушылық порталының Интернет конференциясында кездесіп отырғаныма қуаныштымын.

Интернет-конференция барысында елдегі діни ахуалға байланысты Сіздерді толғандырып отырған сұрақтарға қолымнан келгенше жауап беруге әрқашан дайынмын.

Сұрақ қойыңыз

Арман

05.09.2021

Қорымның қасынан өтіп бара жатқанда бет сипауға болады ма?

Шойкин Ғалым

Кешегі коммунистік Кеңес үкіметінің тұсында діни білім алуға тиым салынғандықтан, халқымыздың көпшілігі қабірстанға қалай зиярат ету қажет және онда қандай дұға айту керектігінен хабарсыз болып қалды. Осыған байланысты, халықтың дәстүрінде қорымның тұсынан өтіп бара жатып «бет сипайтын» формасы ғана сақталынған. Ал, бұл жоралғының діни үкіміне келетін болсақ, жалпы, қабірстанға барып өлілерге зиярат жасау немесе қасынан өтіп бара жатып шариғатта белгіленген дұға-тілектерді айту сүннет амалдардың қатарына жатады. Яғни, қорымның жанына өтіп бара жатып, ондағы әруақтарға арнап белгіленген дұға-тілектерді жасаудың шариғатта әбестігі жоқ. Қайта, сауабы мол сүннет амал саналады.

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қыркүйек 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Құран (аудио)

JoomShaper