"Қазақстанда "Ат-такфир уаль-хиджра" ұйымы экстермистік деп танылсын!"

Сәрсенбі, 15 Қазан 2014 05:43

АСТАНА. 15 қазан. E-islam.kz - ҚР-ның Бас прокуратурасы "Ат-такфир уаль-хиджра" халықаралық ұйымын экстремистік деп тану туралы шешімін жария етті. 

Аталған ұйымды экстремистік деп тану туралы баспасөз хабарламасында "2014 жылы 18 тамызда Астана қаласы прокурорының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның қызметіне Қазақстан Республикасындағы тыйым салу жөніндегі шешімі шықты" делінген. Осы шешімді шығару кезінде аталған ұйымның экстремистік бағыттағы қызметі жөніндегі қолда бар материалдармен қатар, сотпен «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, АҚШ-та, Түрік Республикасында және Еуропалық одақта тыйым салынғандығы ескерілді. "Сот шешімі заңды күшіне енді, осыған орай «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне қандай да бір қатыстылық(қызметіне қатысу, қаржыландыру, идеологиясын насихаттау және т.б.) заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады" делінген Бас Прокуратураның сайтында.

 

Оқылды 1757 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Жеотқосан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Құран (аудио)

JoomShaper