"Азан.кз" сайтына демеуші қажет

Сәрсенбі, 08.10.2021

АСТАНА. 8 қазан. E-islam.kz - Естеріңізде болса, Алматыдағы Орталық мешіттің сайты бұдан бұрын да сайттың қазақша нұсқасын шығару үшін жамағаттан көмек сұраған болатын. Бұл жолы да олар сайттың қызметін кеңейту мақсатымен Сізждердің көмектеріңізге жүгініп отыр. Түсініктірек болу үшін, "Азан.кз" сайтында жарияланған хабарландыруды өзгертусіз ұсынуды жөн көрдік.
 
Әссаламуғалейкум, құрметті сайт қолданушылары және Исламға жанашыр жандар.

Алланың рақымымен, біздің Қазақстанда Исламды насихаттаумен айналысып келе жатқанымызға бірнеше жылдың жүзі болды. Біз бұл міндетімізді шын жүрекпен ғана емес, сапалы атқару үшін де барымызды салып келеміз, ал ол екеуі өзара байланысты.

Қарапайым пенде болғандықтан, бізден де қате кетіп жататыны рас, оларды түзету керектігі де рас. Жұмысымыздың әлі де толықтыруды қажет ететін кемшін тұстары да бар. Біз мұны түсінеміз, сонымен қатар біреулерге ұнамауымыз мүмкін екендігін де түсінеміз. Дегенмен, жалпы алғанда, жұмыс жүріп жатыр және ол Исламға пайда әкелуде деген үміттеміз. Сол үшін Аллаға сансыз мадақ пен шүкіршіліктер болсын. Жіберген қателіктеріміз бен олқылықтарымыз үшін Одан кешірім сұраймыз.

Сайтқа материалдық қолдау көрсете алатын жандарға айтар өтінішіміз бар. Қазір бізге төмендегі қызмет бағыттарын жүзеге асыруға қаражат қажет:

- мақалаларды аудару (қазақша, ағылшынша);

- бейнежазбаларды аудару (қазақша, ағылшынша);

- бейнероликтерді монтаждау;

- қазақ және орыс тілдерінде дыбыстау;

- кітаптарды аудару;

- «имамға онлайн сұрақ» айдары;

- және тағы басқа да қызметтер.

Егер осы жұмысты қайырлы деп тапсаңыз және бұған өз қаражатыңызбен ат салысқыңыз келсе, біз тек қуанамыз, Алла сауабынан жазсын. Ислам ісіне қосқан үлесіңіз – сіздің бұл дүниеге ғана емес, сондай-ақ мәңгілік дүниеге қосқан үлесіңіз екенін ұмытпаңыз. Осы істен өзіне пайда алған әрбір адам үшін Алла Тағала тарапынан сыйға бөленесіз.

Төмендегі банк картасына қаражат аудару арқылы қолдау көрсетуіңізге болады:

1. Казкоммерцбанк 4177 7971 5542 6877 (ИИН 770909300902).

2. Басқа банктерден жіберу үшін:
Алушының аты-жөні: Иминов Нурмухаммад
Алушының ЖСН/БСН: 7709 0930 0902
Шот нөмірі: KZ 0292 6001 PN00 9301 32
Банк атауы: Казкоммерцбанк
КБЕ: 19
ТТК: 119 Қайтарымсыз материалдық көмек

3. Немесе мына нөмір бойынша QIWI әмиянды толтыру қажет:
 +7 701 735 3714

Сонымен қатар, қолма-қол беруді ыңғайлы көретіндер қолма-қол қаражатпен көмек көрсетулеріне болады. Мына нөмір арқылы бізбен байланысқа шыға аласыздар: +7 (727) 385 02 95

Көмек көрсеткісі келетін, бірақ мүмкіншілігі жоқ жандардан біз үшін дұға жасауларын сұраймыз. Расында, амалдар ниетке қарай бағаланады.


Оқылды 353 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Шілде 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Аудио

JoomShaper