Буддизм

Сенбі, 17 Тамыз 2013 14:55

Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін ол Оңтүстік, Шығыс-Оңтүстік, Шығыс және Орталық Азияға кеңінен таралды.

Буддизм діні

Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін ол Оңтүстік, Шығыс-Оңтүстік, Шығыс және Орталық Азияға кеңінен таралды. Будда дінін ұстанатындардың бір бөлігі Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік америкада өміР сүреді.

Қазақстандағы будда діні. Қағанаттар дәуірінен көне түркілердің Тәңір дінін ұстанып келгені белгілі. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде өзге мәдениет үлгілері де, соның ішінде будда діні де ішінара тарала бастады. Әсіресе II-ІІІ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағызшылары белсенді әрекеттер жасады. Бірақ, будда дінінің VІ ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек VІІ ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орнығуына ынта білдірді. Мәселен, VІ ғасырға жататын соғды тіліндегі Бугут жазбаларында Таспар қағанның өз сарайына соғдылық буддашыларды алдырып, арнайы храм салдыртып, буддашылар қауымын құрып, осы ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі.

Бұдан қағандардың будда діні негізінде әлеуметтік-этникалық құрылымы әртүрлі қағанаттың басын бірік-тіретін ортақ идеология жасауға ұмтылысы байқалады. Бірақ, 551 жылы басталған саяси дағдарыс және осыдан кейін қағанаттың ыдырауы бұл процесті тоқтатып тастады. Дегенмен будда діні қағандықтың шығыс бөлігінде, Енисей қырғыздары мен қимақтар арасында біраз уақытқа дейін сақталып келді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бірқатар қалаларда будда ескерткіштерінің сілемдері сақталған. Мәселен, қазба жұмыстары барысында Шу аңғарынан, Сайрам маңынан буддизм мәдениетіне тән әшекей бұйымдары,  иконография, т.б. табылды. Түрік халықтарының ішінде ұйғырлар ғана будда дінін толық мойындап, мемлекеттік дін ретінде орнықтырды. Олар Үндістанда, Тибетте, Шығыс Түркістанда жазылған будда мәтіндерін өз тілдеріне аударып, мол мұра жинады.

VIII ғасырдан түркілер біртіндеп ислам дінін қабылдай бастады. Х ғ. ислам Қарахан қағандығының ресми діні болып жарияланған соң будда діні өз әсерін жоғалта бастады.

Буддизмнің Қазақстанға келуінің жаңа толқыны XVI-XVIII ғғ. жоңғар шапқыншылықтарымен байланысты болды. Сол кезеңдегі будда ғибадатханаларының Жетісу, Балқаш және Орталық Қазақстан далаларында сақталған қалдықтары табылған. XIX ғ. бас кезінде Медеу шатқалында будда ғибадатханасы тұрғызылғаны белгілі.

Алматы маңындағы Тамғалы-Тас қабырғаларындағы будда бейнелері мен діни тексттер әлі күнге дейін сақталған. Тарихшылар осы жазбалардың нақты уақытына қатысты келісімге келе алмай отыр. Бұл кезді олар XII ғ. дан ХVII-ХVIII ғғ. деп көрсетуде.

Қазіргі таңда,  Казахстанда ресми деректер бойынша бес буддалық бірлестік тіркелген. Оның үшеуі тибеттік ламаизм және екеуі корейлік вон-буддизм. Тибеттік-буддалық орталықтарының бірі 1996 ж. Орал қаласында ашылды. Будда дінін ұстанушылар негізінен калмыктар мен корей диаспорасы. Будда іліміндегілердің арасында өзге ұлт өкілдері де кездеседі.

 

 

 

Оқылды 825 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Жеотқосан 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Құран (аудио)

JoomShaper