ИШИР-дің саясаты менің өмірлік ұстанымдарыма қайшы келді

Сейсенбі, 09 Қыркүйек 2014 10:28

Адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң... Түркиялық азамат атышулы "ИШИР" тобына қосылып, өз еліне қайта оралды. Оның айтуынша, өз еркімен барып қосылған лаңкестік топ - түркиялықты әбден мезі еткен. Түсініктірек болуы үшін түрік ақпарат тораптарынан жарияланған қысқа сұхбатты аударып жолдап отырмыз:

СҰРАҚ: "ИШИР" құрамына қалай кірдіңіз?

ЖАУАП: Наша қолдануды бастадым. Жұмысымнан айрылдым. Отбасымды тастап кеттім. Көп өтпей осы кісілермен таныстым. Сөдерінің бисмилләсі - "Шариғат, жиһад және Аллаһ" еді. Олар мені Сирияға алып кету қажеттігі туралы айтты. Ақпан айының бір түнінде 11-12 кісі ұшақпен Газиантеп қаласына келіп түстік. Түн ортасында шекараға жеттік. Сол жерде Әл Каида мүшелерімен кездестік. Арабшасөйлетін бір бауырымыз "ИШИР" құрамына өткенімізді айтты. Жарты сағаттың ішінде әлдекімдердің қолына өттік. Түнгі 03:00-де Раккаға келдік. Ертеңіне түске қарата біздер әскер қосынына жеттік. Сол жерде 15 күндік әскери дайындықтан өттік.

СҰРАҚ: Ол қандай дайындық?

ЖАУАП: Толыққанды әскери дайындық. Командирлері бар кәдімгідей. Олар ештеме үйретпейтін. Қолымызға қаруды қалдырады да, ата аламыз ба, жоқ па соны алыстан бақылайтын. 15 күннен кейін бізді алғашқы майдан алаңына апарып сала салды. Түрік жігіттерінен құралған топ осылайша тез-ақ қанды қырғын ортасына кіріп кеттік. Қақтығыс басылғаннан кейін аз уақыт өткенде, өлгендерімізді жинап алатынбыз.

СҰРАҚ: Жаза қолданғандарына куә болдыңыз ба?

ЖАУАП: Бұл оқиға болатын түні 3 жазаланушы бар еді. Зорлады. Өлетін жанның бір жан-жағына алақтап күлді. Басыма бір ой келді. "Өлейін деп тұрып неге күледі екен?" деген ой. Жан-дүнием өзгеріп сала берді...

СҰРАҚ: Бас кесу оқиғаларынан айта отырсаңыз?

ЖАУАП: Олар ең алдымен бастың кесілетінен халықты хабардар етеді. Қасапшысы 14 жасар бала. Өзіңіз ойлап көріңізші, оның белі бесіктен енді ғана шықты емес пе? Мүмкін оған арнайы дәрілер берілетін шығар, батылдығы оянуы үшін. Қойша бауыздай салады. Қасапшысы құлтемір ме дерсің... Олар отансыз... Тек Отанын қорғағандай күйге енеді. Осындай оқиғаға 3-4 рет куә болдым.

СҰРАҚ: Сіздің қолыңыздан адам өлді ме?

ЖАУАП: Өлді...

СҰРАҚ: Құрбандарыңыз үшін ақша аласыз ба?

ЖАУАП: Іске кіріскенде 150 доллар берді. Айлық 500 түрік лирасы шамасында. Ішіп-жем солардың мойнында.

СҰРАҚ: Бағдадимен кездесе алдыңыз ба?

ЖАУАП: Бағдади Сирияда екі жүз нөкерімен жүреді. Әр мәшинеде 7-8 адам болады. Телеарналардан көрінген Бағдади емес. Олай ашық көрінетіндей жүрек бар ма онда? Менің ойымша осы топтың ең үлкен қолдаушысы - Израиль.

СҰРАҚ: Неге оралдыңыз?

ЖАУАП: Менің қағидаларыма қайшы әрекеттерді көп көрдім. Шариғат адам өлтір демейді немесе мешіттің күлін көкке ұшыру жазылмаған Алланың кітабында. Күнәсіз пенделердің жанын жәһаннамға жіберу шариғатқа жат. Алланың үкімдерін орындау парыз. Адам өлтіру емес... Бір күні жатып, "Не қайту керек, не өлу керек" деп ойладым. Мен судай аққан қанның иісінен зәрезап болдым. Қалай да кері қайтамын деп ойладым.

СҰРАҚ: Қалайша рұқсат берді қайтуға?


ЖАУАП: Командир өте жақын танысым болғандықтан, кері қайтудың мүмкіндігі туды.

СҰРАҚ: "ИШИР" Түркияға қандай қауіп төндіруі мүмкін?

ЖАУАП: "Хатайға келіп, шариғатты орнатамыз" дейді. "Түркия да "ИШИР"-дің жолында тұра алмайды. Ол да біздің қолға өтеді" деп ойлайды олар.

 E-islam.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқылды 197 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қыркүйек 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Құран (аудио)

JoomShaper