Бізге жетпегені осы еді...

Жұма, 12 Қыркүйек 2014 08:50

"Көгілдірлер" өз құқықтары тапталып жатқанын айтып, шыр-пыр болды. Гомосексуалистердің құқын қорғауға бел байлаған белсенді, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Жанар Серкебаева Алматыда арнайы орталық ашып, гомосексуалистерді қолдауды бастайды. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлады.

Елдің бюджетіне "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген Жанар ханымның елге келгенде бермегі осы болғаны ма сонда?  "Бұл насихаттау емес, қолдау. Сондықтан адамды алалап қажет емес", - деген сөзін қалай түсінуге болады? Қоғамда біржыныстылар "мәселесінен" басқа да жайттар жетерлік. "Бірдің кесірі мыңды, мыңдікі әлемді" шарпитын мынау дүниеде ары мен жанына былапыт араласқан жандардың құқын қорғау - нағыз көргенсіздіктің белгісі емес пе? Осыған орай қоғам белсенділері де үн қосып отыр. Мәселен Елнұр Бейсенбаев: "Бұлар осы қоғамда семіріп еріккеннен не істерін білмейтін азаматтардың бірі. Мұндай азаматтар біздің қоғамда толып жүр. Сергей Скакунов "Одали" деген ұйым.  Кезінде ер азамат пен ер азамат жататын болса заң болатын қылмыскер ретінде айдауға салатын. Дәл сондай, бізде оларды қылмыскер ретінде танып айдауға салу керек", - дейді. 

"Нұр.кз" мәліметіне жүгінсек, Алматыда гейлер мен лесбилерге арналған 14 тұрақты мекеме бар екен. Бұлардың қызметіне кім рұқсат берген?

E-islam.kz

Оқылды 424 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Конференция

Күнтізбе

« Қыркүйек 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Құран (аудио)

JoomShaper