Ресейде ислам банкингі орталығы ашылды

Сенбі, 26.03.2022

Астана. 26 наурыз. E-ISLAM – Қазан қаласында тұңғыш рет ислам банкингі орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Татарстан президенті аталмыш шараға арнайы қатысып, жаңа жүйе жаңа қаржы нарығын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біз сынақты кезеңді бастап өткерудеміз. Экономикалық дағдарыс бізге жаңа жолдар іздеуге итермелейді. Әріптестік банкинг – жаңа үлгі. Біз Ресей банк заңнамасына сәйкес келетін әрі ислам банкингіне қайшы болмайтын тұтынушыларға қызмет көрсету үлгісін қалыптастыруымыз керек» деді президент Рүстем Минниханов. Ол сонымен қатар, Татарстан осы жоба арқылы ислам банкингін дамытудың барлық мүмкіндіктерін қарастыруы қажеттігін жеткізді.

Қаржы орталығы мұсылман өңірлерінде жиі қолданылатын әріптестік қаржыландыру қағидаларына сай қызмет көрсететін болады. 

Оқылды 320 рет
JoomShaper
Top