Сирияда «Анджелина Джоли» мерт болды

Жұма, 09.09.2021

Астана. 9 қыркүйек. E-ISLAM – Сириядағы кезекті әскери қақтығыс кезінде «Халықтық қорғаныс» күрділік отрядының Асия Рамазан Антар есімді мүшесі қаза тапты.

Күрді қызы өзінің сұлулығымен әлеуметтік желілерде «Күрділік Анджелина Джоли» атанып кеткен. Небәрі 20 жасар Асия Сантар 7 қыркүйек күні оққа ұшты. Уақиға Джараблус қаласында орын алған. Ол күрді әскери отрядына 18 жасында кіріп, Сирияның солтүстігіндегі ДАИШ террористік ұйымы содырларына қарсы соғыстарға қатысып келді.

Оқылды 1959 рет
JoomShaper
Top