Гүленнің ұйымынан ел қазынасына млрд доллар қайтарылды

Сенбі, 03.09.2021

Астана. 3 қыркүйек. E-ISLAM – Түркия Экология министрі Мехмет Озхасеки мемлекет иелігіне «Гүленшілер террористік ұйымына» қарасты  2 500-ден аса жылжымайтын мүлік қайтарылғанын мәлім етті, деп жазады «Анадолу» агенттігі.

«Қазынаға 2514 нысан қайтарылды. Оның құны өте орасан. Мемлекетке 8,3 миллиард лир (2,7 млрд $) қаражат түсті» дейді министр.

Министр сондай-ақ Ф.Гүленге тиесілі тағы 1,5 мың нысанның мемлекетке берілетінін хабарлады. Оның жалпы құны – 12 млрд лир (4 млрд $).

Еске сала кетсек, Түркияда 16 шілденің түнінде әскери мемлекеттік төңкеріс орын алды. Алайда, бүлік дер уақытында басылып, ұйымдастырушылар қамауға алынды. Ресми Анкара бұл төңкерісті ұйымдастыру ісіне АҚШ-ты паналаған Фетхуллах Гүленнің тікелей қатысы бар деп мәлімдеді. 

Оқылды 555 рет
JoomShaper
Top