Сирияда күңдер түрмесі табылды (ВИДЕО)

Сенбі, 03.09.2021

Астана. 3 қыркүйек. E-ISLAM – Сирияның солтүстігіндегі Манбидж қаласында ДАИШ террористік ұйымының әйелдерді күңдікте, жыныстық құл ретінде ұстауға арналған жерасты түрмелері табылды, деп хабарлайды The Daily Mail.

80 мыңға жуық тұрғыны бар Манбидж қаласын лаңкестер өткен айда басып алған. Ұсталған әйелдер темір торларға қамалып, қараңғы бөлмелерде шұрық тесік төсектерге ұйықтаған. Олар итке арналған ет фаршымен және сумен ғана тамақтанған.

Ал түрме бөлмелерінен лаңкестер қолданған есірткілер, контрацептив құралдары табылған. Сонымен қатар, камераларда зорлық-зомбылық жасауға арналған әртүрлі құрал-саймандар да жетерлік.

Манбидж қаласы содырлар үшін түрік шекарасы арқылы өз «астаналары» Раккаға қару-жарақ жеткізуге қолайлы нүкте саналады. Қала алғаш рет 2014 жылдың қаңтар айында террористер ықпалына өтті. 12 тамыз күні Манбидж қаласын Сирия қарулы күштері қайтарып алды. 

Оқылды 4054 рет
JoomShaper
Top