Ердоған: Біз ДАИШ-ты Раккада талқандаймыз

Бейсенбі, 08.09.2021

Астана. 8 қыркүйек. E-ISLAM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ДАИШ террористік ұйымының (Қазақстанда қызметіне тыйым салынған) ықпалындағы, лаңкестер астанасы аталып кеткен Ракка қаласын азат ету операциясына дайын екендіктерін мәлімдеді.

Ердоғанның айтуынша, бұл операция АҚШ күштік құрылымымен бірлесе жүргізілуі керек. Түркия президенті бірлескен әскери әрекет жасауды Қытайда өткен G20 саммит барысында Құрама штат басшысы Барак Обама ұсынған.

Ердоған екі елдің әскери күші операция жоспарын талқылауы керектігін жеткізді. Алайда, АҚШ тарапы Түркия президентінің бұл мәлімдемесіне әзірше пікір білдірген жоқ, деп жазады ВВС.

Оқылды 676 рет
JoomShaper
Top