Қазақстаннан Сирияға адам бопсалауға интернет ықпал етеді

Сәрсенбі, 07.09.2021

Астана. 7 қыркүйек. E-ISLAM – Қазақстан күштік құрылымы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстарға елден аттанушылар қатарын азайтты. Бұл жайында ҚР ҰҚК брифингі барысында Антиттеррористік орталық штаб бастығы Жанат Сайполдаев мәлімдеді, деп жазады Today.kz.

2015 жылы құқыққорғау органы террористік ұйым территориясындағы соғысқа баруды жоспарлаған 70 қазақстандықтың жолын кесті.

«Біз ай сайын интернет бетінде экстремистік материалдардың таралуы бойынша 70 мың фактінің алдын алудамыз. Орта есеппен бір айда Қазақстан аудиториясына арналған осы мазмұндағы 30-40 сілтеме, ресурстарды бұғаттаймыз» дейді Жанат Сайполдаев.

Ол сонымен қатар Қазақстан азаматтарын радикалдандырып, соғысқа тартуда интернеттегі, әлеуметтік желілердегі экстремизм мен терроризмнің насихатталуы ықпал ететінін атап айтты.

«Діни сауаттылықтың төмендігінен және сананы агрессиялы ақпараттармен улай салдарынан адасқан азаматтар кезіккен проблемаларды радикалды жолдармен шешуге бет бұрады» деді штаб бастығы.

Жанат Сайполдаев қазіргі уақытта Сириядағы соғысқа қатысып жүрген қазақстандықтардың аты-жөндері белгілі екенін айтты. Оларға халықаралық іздеуге жарияланғанын, оның ішінде Интерпол желісі бойынша да қамтылғанын хабарлады.

Оқылды 338 рет
JoomShaper
Top