Ислам халқымыздың негізгі діні

Сенбі, 30.08.2021

«...Бұл - шын мәнінде, адамдар мен халықты біріктіретін, барлық мұсылман үшін ұлық мереке. Осы күні отбасы болып жиылып, бір-біріне қонаққа барып, жақын араласу дәстүрге айналған. Құрбан айтта әлемнің барша мұсылмандары шынайы ой-ниетімен Жаратқанға жақындай түседі. Ислам әрдайым ізгілікке үндейтін және шақыратын бейбіт дін саналады. Ол бөлінуге емес, бірігуге шақырады. Құранда мұсылман сөзімен де, ісімен де ешкімге зиянын тигізбеуі тиіс деп айтылған.

Ислам бірнеше жүзжылдықтар бойына халқымыздың негізгі діні болып саналады. Республика егемендік алған уақыттан бері 2300-ден астам мешіт салынды. Бүгінде біз елімізді өркендетуге және әлемге кеңінен танытуға ұмтылып отырмыз. Барша қазақстандықтарға үміттері мен тілектерінің орындалуын, сондай-ақ елімізге өсіп-өркендеу мен береке-бірлік тілеймін».

26.10.2021

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әзірет Cұлтан» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай сөйлеген сөзінен үзінді

Оқылды 1047 рет
JoomShaper
Top