Ислам діні барлық істе салиқалылық пен сабырлылыққа үндейді

Сенбі, 30.08.2021

Ислам діні  барлық істе салиқалылық пен сабырлылыққа үндейді. Адамзаттың ізгі құндылықтарын уағыздайтын ата дініміз шектен шығуға, өзгеге қиянат жасауға жол бермейді. Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты дінді халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді.

Дәстүрлі дініміз Тәуелсіздікпен бірге түлеп, халқымызға қайтып оралды. Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді.

Биыл еліміздің күллі мұсылман әлемінде беделі зор Ислам ынтымақтастық ұйымына басшылық жасап отыруы – соның айқын айғағы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтауынан 
 Астана, Ақорда 05.12.2021 жыл
Оқылды 687 рет
JoomShaper
Top