Анкара терактісінде қаза болғандар туралы мәлімет жарияланды

Жұма, 19.02.2022
Анкара терактісінде қаза болғандар туралы мәлімет жарияланды

Астана. 19 ақпан. E-ISLAM – Анкарада орын алған терактіде қаза болғандар туралы дерек қоғамның назарын аударды. Жарылыс салдарынан көз жұмғандар 28 адамның 22-сі Түркия әскери әуе ұшқыштары болып шықты, деп хабарлайды Ülkе TV арнасы.

Осыған байланысты түрік телеарнасы елде қаралы күн жариялауды сұрады.

Еске салсақ, 17 ақпан күні Анкара орталығындағы Қарулы күштердің штаб-пәтері мен үкіметтік ғимараттар маңында жарылыс болған еді. Кей ақпарат көздері қаза болған 28 азаматтың 26-сы әскерилер деген хабар таратты. Тағы 60 адам жарақат алған.

Құқыққорғау органының хабарлауынша, бомба орнатылған көлік Түркияның Бас штабында қызмет істейтін әскерилер көлігіне жақындаған сәтте жарылған. Ресми билік аталған терактіге Күрді демократиялық одағын кінәлі деп санайды. 

Оқылды 57 рет
JoomShaper