Зейнеп Ахметова: Тәрбиенің өзі – имандылық

Жұма, 19.02.2022
Зейнеп Ахметова: Тәрбиенің өзі – имандылық

Астана. 19 ақпан. E-ISLAM – Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына бірқатар қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ой бөлісті.

Жиынға қатысқан қаһарман Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова ұлт келешегін ұрпақ тәрбиесінен қалыптастыру керектігіне баса назар аударды.

«Тәрбиенің өзі имандылық. Қыз тәрбиелі болмай – ұлт тәрбиелі болмайды. Бала кезінде ұлттық тәрбиемен сусындаған қыз бала бойжеткенде де сол әдебін сақтайды. Салт-дәстүрді үйретудің негізгі мақсаты - қызға ана болуды, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол - адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлайтын қамқор келін. Бұл  – өмір заңы» деді З.Ахметова.

Оқылды 72 рет
JoomShaper