«Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле»

Жұма, 19.02.2022
«Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле»

Астана. 19 ақпан. E-ISLAM – Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп жазады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Мақсат, жастарға ислами, имани тәрбие беру, ұлттық мінез, ұлттық сана қалыптастыру төңірегінде өрбіді.

Дөңгелек үстел жұмысына Бекжан Тұрыс жетекшілік етіп, спикер ретінде Бас мүфти, Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры Баходир Алиев, Алматы қаласы бойынша өкіл имам Нұрбек қажы Есмағанбет, Алмалы ауданы және «Төле би» мешітінің бас имамы К. Мырзабай, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, тіл жанашыры Асылы Османова т.б. қатысты.

Кездесуде Діни басқарманың осы уақытқа дейін атқарған жұмысы және жастар мәселесіне байланысты жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде видеоролик көрсетіліп, Бас мүфти жастармен пікір алмасты. Сонымен қатар, шара барысында XIV-XIX ғасырлардың көне діни қолжазбалары мен қазақ өмірін бейнелейтін суреттер көрмеге қойылды.

Оқылды 564 рет
JoomShaper