Тұңғыш ислами IT-пакеттер шығарылды

Жұма, 19.02.2022
Тұңғыш ислами IT-пакеттер шығарылды

Астана. 19 ақпан. E-ISLAM – Дубай қаласында әлем бойынша тұңғыш ислами IT-пакеттер шығарылды. Пакет құрамына ислами мобильді қосымшалар, навигаторлар мен паленшеттер енді. Қосымшаның 54 опциясы бар, оның саны 2016 жылдың соңына дейін 156-ға жететін болады, дейді жоба жетекшілері.

Айта кетейік, iOS және Android платформасындағы аталмыш қосымшалар тегін қызмет көрсетеді. Осы арқылы кез келген адам қажетті дүниені – намаз кестесі мен қажылық, ораза, зекет, т.б. тақырыптарға сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік бар.

Мобильді қосымшаны жүктеу тегін, ал ислами навигатордың құны 163 долларға бағаланды.

Планшет сатылымы келесі жылдың ақпан айына жоспарланған. Оны 272 долларға сатып алуға болады. 

Оқылды 51 рет
JoomShaper