Шіркеу өкілі: Ислам Латвия руханиятын көтереді

Сәрсенбі, 17.02.2022
Шіркеу өкілі: Ислам Латвия руханиятын көтереді

Астана. 17 ақпан. E-ISLAM – Латвия тұрғындарының 40%-ы ғана өздерін Құдайға сенушілер деп бағалайды. Өзге халық тек материалды әлемді тұтынып, өмірдің мәніне көз жүгіртпегенге ұқсайды. Бұл жайында Латвиядағы Рим-католиктік шіркеуінің архиепископы Рижский Збигнев Станкевич мәлімдеді.

Архиепископ Латвияның рухани кеңістігін ислам діні толтырады деген пікірде. Бүгінде Таяу Шығыс елдерінен мұсылмандардың көшіп келуіне байланысты латвиялықтар ислам дінімен жақынырақ танысуына мүмкіндік алды.

«Егер қоғам руханияты ақсаса, ислам осы олқылықтың орнын толтыра алады. Біз туған топырағымызда 800 жылдай өмір сүрген діннен (христандық) бас тартсақ, былайша айтқанда, «қасиетті жер бос тұрмайды». Бір күні ақиқатты тануды қалаған сәтте христиандықты тастаған адамдар исламға келуі ғажап емес» деді Станкевич.

Оқылды 343 рет
JoomShaper