«Нұр-Ғасыр» мешітінің ресми сайты жаңарды

Дүйсенбі, 05.09.2021

Астана. 5 қыркүйек. E-ISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе өкілдігіне қарасты «Nurgasyr.kz» діни танымдық-ақпараттық ресми сайты жаңа нұсқада оқырманға жол тартты, деп хабарлайды «Нұр-Ғасыр» мешітің баспасөз қызметі.

Республика көлемінде ақпарат тарататын аталмыш сайт дәстүрлі исламды насихаттау, діни мағлұмат алғысы келген барлық жастағы оқырманды қамту мақсатында қызмет етеді. Сайтта бас мүфти бағаны, жаңалықтар, мақалалар, медиа насихаттар (аудио-видео) мен фотогалерея айдарлары бар.

Сондай-ақ, теріс ағымның алдын алуға арналған айдармен қоса Ақтөбе мешіттері (мешіттердің қысқаша сипаттамасы, имамы, мекен-жайы, байланыс телефондары), аймақ медресесі, сұрақ-жауап сынды бірқатар бөлімдері де қамтылған. Мәселен, Қазақстан қарилары айдарында еліміздегі барлық қарилар туралы ақпарат беру жоспарланған.

Сайтта теріс ағымның шығу тарихы, қоғамға келтірер зардабы, теріс ағымнан сақтанудың жолдары секілді жат ағымдар жөнінде ақпарат берілмек.

 «Nurgasyr.kz» сайты ұжымына сәттілік тілейміз!

Оқылды 127 рет
JoomShaper
Top