Түрік шенеуніктері мінген ұшақ Ататүрік әуежайынан сейсенбі күні ұшып шыққан. Бес депутаттан құралған делегацияға партияның халықаралық мәселелер жөніндегі бас хатшы кеңесшісі Мехди Экер жетекшілік етеді.
«Біз осы сапар барысында АҚШ-тың Демократиялық және Республикалық партия өкілдерімен, конгресс сенаторларымен, Палата мүшелерімен кездесеміз. Сондай-ақ, азаматтық қоғам ұйымдарымен, БАҚ өкілдерімен де сұхбаттасамыз. Жоспарымыз жүйелі, бағдарлама тығыз» дейді Мехди Экер.