Мәшһүр Жүсіп мешіті

Жұма, 19.02.2022

Мәшһүр Жүсіп мешіті - архитектуралық ескерткіш. Павлодар қаласында 2001 ж. 5 қыркүйекте ашылды. Мешіттің бірінші қабаты сегіз қырлы. Бұл - Дешті Қыпшақтардың сәулет үлгісі. Сол заманда сегіз қырлы сарайлар салынғаны тарихтан белгілі. Оның үстіндегі сегіз қырлы жұлдыз түркі жұртының ортақ рәмізі. Күмбезі шаңырақ үлгісінде. Төрт мұнараның биіктігі Пайғамбар жасына орай - 63 м. Бір мезгілде бір жарым мың адам намазға жығылуға мүмкіндігі бар. Ерлер мен әйелдер залы бөлек. 400 орындық асхана, мұражай, кітапхана, ислам дінін насихаттайтын бейнезал, неке қию бөлмесі бар. Үлкен залдағы гауһар тасты шамның салмағы 3.5 тонна, биіктігі 16,5, ені 6 м.[1]

Павлодар қаласында 6 гектар жерді алып жатқан паркі, медресесі, Кутузов, Кривенко, Қайырбаев көшелерінен кіру есіктері бар 1500 орындық Бас Мешіт сәулет ансамблі салынды. Бас мешіттің жобасын «Алматыгипрогор» АҚ жобалау институты әзірледі. Мешіт құрылысының басты мердігері «Иртыштрансстрой» ассоциациясының «Путь» ЖШС болды, «Иртыштрансстрой» ассоциациясының басшы-төрағасы М.А. Зыков.

Мешіт ғимараты 48*48 метрлік сегізбұрышты жұлдыз түрінде салынған, диаметрі 30 метр 1200 орындық ерлер намаз оқитын зал, күмбездің биіктігі 33 метр. Мешіт ғимаратының көлемі 48*48 метр, мұнараларының биіктігі – 63 метр, аймен бірге күмбездің биіктігі – 54 метр, жалпы ауданы 7240 шаршы метр. Бірінші қабатта медресенің оқу сыныптары, неке қию залы, 200 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері, 300 орындық әйелдер намаз оқитын зал, дәрет алу жайлары, холл орналасқан.

Неке қию залы және асхана екі көлемді бір үлкен залға айналдыру үшін жылжымалы қабырғамен бөлінген. Ғимаратқа кіру сатылармен екінші қабат деңгейіне көтереді, онда 1200 орындық балконы бар намаз оқу залы, ислам мәдениетінің мұражайы, кітапхана, бейнезал, қызметтік жайлар, холл орналасқан.Негізгі ғимараттың екі қабаты және мұнаралары кірпіштен, күмбезі темір құрылымдардан жасалған.

Оқылды 101 рет
JoomShaper