Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ Съезіне қатысушылар

Сенбі, 17.08.2021

ІІ Съезді дайындау және жүргізу барысында ҚР министрліктері мен ведомстволары осы маңызды халықаралық іс-шараны ұйымдастыру бойынша толық көлемді жұмыс жүргізді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - ҚР СІМ) ҚР шетелдік мекемелерімен бірлесіп жыл бойына форумға шақырылған дін лидерлерін, діни ұйымдар мен құрметті қонақтардың жоғары деңгейде қатысуын қамтамасыз ету бойынша мақсатты және кешенді жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде іс-шараға 25 діни лидерлер (олардың ішінде 7-ислам өкілдері, 7-христиан, 4-буддизм өкілдері, 2-иудаизмнен, синтоизм, даосизм,, индуизмнен - 1-1 ден және 2 халықаралық діни ұйым басшылары) мен 26 Еуропаның, Америка, Азия, Африка, Таяу Шығыс елдерінен14 құрметті қонақ қатысты. Қатысушылардың барлық саны 160 адамды құрады. Астанаға бірінші рет Ливия, Тайланд, Армения, Оңтүстік Кореядан делегациялар және АҚШ, Швейцариядан өзге халықаралық діни ұйымдар басшылары келді.

Ислам Съезде дін басылардың жоғары қайраткерлері бастауымен делегация түрінде келді: «Аль-Азхар» Университетінің жоғарғы имамы, шейх Мухаммад Саид Аль-Тантауи (Египет), Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы шейх Абдалла бен Абдель Мухсин Ат-Турки (Сауд Арабиясы), «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» үндістан мұсылман ұйымының президенті Салман Аль-Хусайни Аль-Надви, Пәкістанның халықаралық ислам университетінің экс-Президенті Махмуд Ахмад Гази (Пәкістан),  ИРИ Мәдени жоғары кеңес мүшесі Али Акбар Садики Рашад (Иран), Дүниежүзілік Ислам уағызы қауымдастығының бас хатшысының кеңесшісі Агели Фархат Альмери  (Ливия), Қазақстанның бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі. 

Христиандықты форумда Папа әділдік және бейбітшілік кеңесінің Құрметті Президенті Роджер  Этчегерай (Ватикан), Миниский және Слуцкий Митрополиті, БелоруссияЭкзархының Патриаршийі Филарет (РФ),Константинополь Православие Шіркеуінің ПатриархыВарфоломей I(Түркия),Епископ Николас Бэйнс (Англикан шіркеуі, Ұлыбритания), Бүкіл Армяндардың Жоғарғы Патриархы және Католикос Гарегин II (Армения) және Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының Бас хатшысы, доктор Ишмаэл Ноко.

Буддизмді Бүкіл ҚытайБуддистер Қауымдастығының Төраға  орынбасарыЦзямунян(КХР), Азия Буддистер Орталығының басшысы Дэмбэрэл Чойжамц(Моңғолия) және и Университет Ректоры Махачулалонгкорнраджвидьялая Пра Дармокосаджарн(Тайланд) бастаған делегация білдірді.

Иудаизмді  Израильдің Бас Ашкеназийлік Раввині Иона Мецгер, Изрильдің Бас Сефард Раввині Шломо Амар бастаған делегация, Синтоизм - Синтоистік шіркеу қауымдастығы басшыларының кеңес төрағасы Куни Куниаки (Жапония) бастаған делегация, Даосизмді - Діни қатынастар әкімшілігі апараты басшысының орынбасары Цзян Цзянюн (КХР) бастаған делегация, Индуизм - әлемде әйгілі ғалым-теолог Шантилал Сомайя бастаған делегация білдірді. Діни ұйымдар - Орта Шығыс мәселелері бойынша Дүниежүзілік Шіркеулер кеңесі бағдарламасының басшысы Мишель Нсейр (Швейцария) және Ұлттық шіркеулер кеңесінің Президенті Майкл Ливингстон (АҚШ).

Құрметті қонақ ретінде форумға мынадай әйгілі саясаткерлер, халықаралық ұйымдар, мемлекет және үкімет басшылары қатысты: Сергей Орджоникидзе - Женевада БҰҰ бюросының бас директоры, Коичиро Мацуура -  ЮНЕСКО бас директоры, Махатхир Мохаммад - Экс-Премьер - Малайзия Министрі, Махмуд Закзук - Египеттің Вакуфтар Министрі, Алехо Видал Квадрас Рока - Еуропалық Парламенттің Бірінші Вице-Президенті, Рене ван дер Линден - Еуропалық кеңестің парламенттік Ассамблеясының Төрағасы, Стаф Ниммегеерс - Бельгия Корольдігі Сенат Төрағасының орынбасары,Ким Вон Ки - Корея Республикасының Ұлттық ассамблея депутаты, экс-спикер, Эмери де Монтескью - Француз Республикасының Сенаторы және т.б..

Съезд қатысушылары мен қонақтардан басқа Форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкімет мүшелері, Қазақстан халықтар ассамблеясының және Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері шақырылды.

Съезд атына мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым басшылары атынан жолдаулар келіп түсті: БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан, Франция Президенті Жак Ширак, Түркияның экс-Президенті Сулеймен Демирель, АҚШ экс-Президенттері Джимми Картера және Билл Клинтон, Францияның экс-Президенті Жескар д'Эстена, Чехияның экс-Президенті Вацлав Гавель, Түркияның Премьер-Министрі Режеп Эрдогана, Испанияның Премьер-Министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро, Германияның экс-Канцлері Герхард Шредер, сондай-ақ түрлі шіркеулердің жоғарғы иерархылары - Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, Кентерберий Архиепископы Роуэн Уильямс, Жапония Буддистік Қауымдастық Президенті Ко Ясухара және т.б.

 

 

 

 

Оқылды 750 рет
JoomShaper
Top