Қазақстан Мюнхен қорытындысын қолдайды

Дүйсенбі, 15.02.2022
Қазақстан Мюнхен қорытындысын қолдайды

Астана. 15 ақпан. E-ISLAM – Қазақстан Мюнхенде өткен Сирияны қолдаушы халықаралық топ (СҚХТ) қатысушыларының кездесу қорытындысын толығымен қолдайтындығын жеткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қоршауға алынған аймақтарға гуманитарлық дәліздің ашылуы туралы шешімді және мемлекеттің барлық аймағындағы соғыс әрекеттерін тоқтату шарттарын бір апта ішінде анықтауды Сириядағы қақтығысты реттеудегі елеулі әрі үміттендіретін серпін және осы елдегі гуманитарлық апатты еңсеру жолындағы шешуші қадам ретінде қарастырастырамыз.

Қол жеткізілген уағдаластықтардың СҚХТ-ның барлық қатысушылары тарапынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясы бағытында дәйекті және сөзсіз түрде жүзеге асырылуы Сириядағы қантөгістің ең жуық арада тоқтауына және елдегі қалыпты жағдайдың қайта орнауына ықпал ететіндігіне сенімдіміз» деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Оқылды 109 рет
JoomShaper