Оңтүстікте 16 имам сынақты қайта тапсырады (ФОТО)

Бейсенбі, 31.03.2022

Астана. 31 наурыз. E-ISLAM – Оңтүстік Қазақстан облысының дін қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданып, жеті бағытқа негізделген құжаттар бойынша сынақ тапсырды.

Діни басқарма төрағасының бұйрығымен өткізілген сынақ алу жұмысына ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен өңірдің өкіл имамы Ахметжан Керімбек қатысты.

Аталмыш сынаққа облыс бойынша ҚМДБ-ға филиал ретінде тіркелген 791 мешіттің 1062 діни қызметкер қатысып, 126 дін қызметкері «өте жақсы», 429 «жақсы», 292 «қанағаттанарлық» деген баға алса, 16 мешіт қызметкерлеріне қайта сынақтан өткізілуге жіберілді.

Сонымен қатар,  «Шымкент», «Сарыағаш» медресе-колледжі, «Ықылас» қарилар дайындау орталығы және «Жібек жолы» қайырымдылық мекемесінің ұстаздар қауымы сынақ тапсырды. Жалпы, сынаққа 100 ұстаз қатысты. Қорытынды бойынша 42 ұстаз «өте жақсы», 57 «жақсы», 1 «қанағаттанарлық» деген баға берілді.


Оқылды 380 рет
JoomShaper
Top