Министр бастаған делегация Өзбекстанға арнайы іссапармен барды

Жұма, 28.10.2021

Астана. 28 қазан. E-ISLAM – Қазақстан Республикасы  Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және «Нұр-Мүбарак»  университетінің өкілдерінен құралған делегация Өзбекстанға арнайы  іссапармен барды.

Тәжірибе алмасу мақсатындағы сапар ең алдымен Өзбекстан Ислам университетінен басталды. Университет базасымен танысқан қонақтар Өзбекстанда шыққан кітаптар көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, осы оқу орны аумағында орналасқан Төле би бабамыздың қабіріне зиярат жасап, Құран бағыштады.

Сонымен қатар, делегаттар Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Усмонхон Алимовтың қабылдауында болды. 

Оқылды 461 рет
JoomShaper
Top