Түркияда жойқын жарылыс болды

Сейсенбі, 25.10.2021

Астана. 25 қазан. E-ISLAM – Түркияның Анталья қаласында жойқын жарылыс орын алды. Бұл туралы шетелдік ақпарат құралдары хабар таратты.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, уақиға орнына барлық төтенше қызмет өкілдері келіп жеткен. Әзірге қаза болғандар мен жапа шеккендер туралы мәліметтер жария етілмеді. Белгілісі, жарылғыш зат Сауда-өндірістік палата ғимараты маңында іске қосылған.

Еске сала кетсек, жуырда кешкі уақытта Пәкістанның ірі полиция академиясында үш террорист-жанкешті курсанттарды тұтқынға алған. Уақиға салдарынан кемінде 59 адам қаза болды. Тағы 116 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды. Барлық лаңкестердің көзі жойылды.

Оқылды 842 рет
JoomShaper
Top