Палестина құрғақшылыққа ұшырады

Сейсенбі, 25.10.2021

Астана. 25 қазан. E-ISLAM – Палестинаның Батыс жағалаудағы Кафр әл-Дик ауылы тұрғындары құрғашқылыққа ұшырады.

«Су тапшылығы басталған маусым айынан бері муниципалитет аптасына бір рет бір сағат қана су жеткізіп тұрды. Ауа-райын әр күн сайын бақылаймыз. Олар үш апта бұрын жаңбыр болады деп уәде етті, бірақ, болмады. Енді тек Құдайдан тілегеннен басқа шара жоқ» дейді ауыл тұрғындары.

Батыс жағалаудағы көптеген елдімекендер соңғы айларда су тапшылығына тап болды. Салфит, Дженин мен Хеврон провинцияларына 40 күндеп су жеткізілмей келеді.

Оқылды 464 рет
JoomShaper
Top