ДАИШ айласын өзгертті

Бейсенбі, 13.10.2021

Астана. 13 қазан. E-ISLAM – Сирия мен Иракта ірі көлемде жеңілістерге ұшырағаннан кейін ДАИШ террористік ұйымы айла-тәсілдерін өзгретті. Бұл жайында бельгиялық құқыққорғау органы деректеріне сүйене отырып шетелдік ақпарат құралдары хабарлады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, енді террористік ұйым әлем бойынша содырларды Сирия мен Ирактағы соғысқа қатысуға емес, өздерінің тұрғылықты мекендері бойынша іс-әрекет етуге, яғни әр жерде терактілер жасауға шақыруда.

«Бұған дейін ДАИШ содырларды Сирия мен Ирактағы соғысқа шақырып келсе, енді террористерден өз елдерінде әртүрлі терактілер жасауын сұрауда» дейді Бельгия Прокуратурасының ресми өкілі Эрик Ван Дер Спит. Оның айтуынша, қазіргі кезде жас жігіттер мен қыздардың кең қолданысқа ие Telegram мессенджері арқылы радикалдануы туралы деректер көптеп кездеседі.

Оқылды 599 рет
JoomShaper
Top