Қазақстандағы әрбір он төртінші мұсылман шейттік бағытты ұстанады (ВИДЕО)

Бейсенбі, 13.10.2021

Астана. 13 қазан. E-ISLAM –  Еліміздегі қазақ жастарының арасындағы әрбір 14-ші мұсылман шейіттік бағытты ұстанады. Жастар мәселелеріне байланысты сауалнама жүргізген Қазақстандық саяси шешімдер институтының сарапшылары осылай мәлімдеді. Бұл жайында Астана телеарнасының жаңалықтар қызметі хабарлады.

Сауалнама еліміздің 14 облысындағы 29 елді мекенінде жүргізіліп, 1500-ден астам азамат өз пікірін білдірген. Сарапшылар жастар өкілдерінің деструктивті оқиғаларға қатысы бар екендігін айтады. Бұлар негізінен – ұлтаралық кикілжіңнен туындаған қоғамдық тәртіпсіздіктер мен Алматы мен Ақтөбе қалаларындағыдай лаңкестік шабуылдар. Мамандардың ойынша, батыс өңірлердегі жағдай мәз емес. Бұл өңірлерде дінге бет бұрғандар өте көп. Сарапшылар сөзінше, жастардың дін жолына түсуіне жұмыссыздықтың көбеюі мен білімнің төмендігі, діни уағыздың күшеюі мен әлемтор беттерінде теріс ақпараттың тым көптігі себеп. Және көші-қон мәселесі де бұған үлес қосып отыр. Соңғы 15 жылдың ішінде Қазақстанға 700 мыңнан астам адам көшіп келген.

Бақытжамал Бектұрғанова, Қазақстан әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығы басқармасының төрайымы:

Білімді қазақ жастарының басқа елдерге көптеп қоныс аударуы алаңдатарлық жағдай. Бүгінде отандастарымыздың білімі мен біліктілік деңгейі төмендеп барады. Он жылдың ішінде жоғары және орта арнайы білімі бар 190 мыңдай азамат басқа жаққа көшіп кеткен. Ал осында қоныс аударған 222 мыңнан астам адамның бірқатарының тіпті орта арнайы білімі де жоқ. Сан жағынан олар жағдайды саясиландырып, діни экстремизм мен терроризм секілді құбылыстар белең алып барады. 

Оқылды 1789 рет
JoomShaper
Top