Сарапшы: Ақтөбеде қыз-келіншектер де радикалданып жатыр

Сейсенбі, 11.10.2021

Астана. 11 қазан. E-ISLAM – Ақтөбеде SarapTime пікірталас клубында «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі: терроризм қауіпінен бейбіт әлемге шығатын жол» тақырыбында үлкен отырыс өтті.

Жиын барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми әдістемелік және талдау бөлімінің басшысы Тұрар Әбуов, Ақтөбе облысында ер азаматтар ғана емес, ғаламтор мен желі арқылы көп қыз-келіншек радикалданып жатқанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 29 қыркүйек пен 29 қазан аралығында Ақтөбе облысында кешенді іс-шара өтіп жатыр.Терроризм мен радикалды ұйымдардың алдын алу мәселелері жөніндегі іс-шаралардың екі аптасы өтіп, енді екі аптасы қалды. Осы екі аптаның қорытындысына тоқталатын болсам, 200 маман облыс орталығын, шалғай жатқан елді мекендерді түгелдей аралап, көптеген еңбек ұжымдарымен, жастармен, соның ішінде өзекті болып отырған діни ағым жетегінде кеткен адамдармен жекелеген кездесулер өткізді. Әсіресе, Ақтөбе қаласында тек ер азаматтар ғана емес, ғаламтор мен желі арқылы көптеген қыз-келіншектер радикалданып жатқанын тілге тиек етуге болады» деді Тұрар Әбов.

Сарапшы жазда Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған қанды оқиғалардан кейін бірнеше заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу басталғанын еске салды.

«Осы заң бойынша бес кодекс пен 19 заңға өзгерістер енгізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда кейбір заңнамалар Мәжіліске жіберілді. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылмай тұрып та, дін істері комитеті елдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесінде көп жұмыс атқарған. Соның бір ғана бөлігіне тоқталсам, 2011 жылы қабылданған заңның аясында бүгінгі таңға дейін Қазақстанда дін істері комитеті 29 мыңға жуық діни әдебиетті сараптамадан өткізген. 29 мың әдебиеттің ішінен бес жыл ішінде 670 әдебиетке экстермистік бағыттағы әдебиет деп танылды» дейді ол.

«Егер халықтың, жастардың ортасында дұрыс діни сана қалыптасса, терроризм мен экстремимзмнің алдын алуға толықтай мүмкіндік бар» деді сарапшы.

Еске сала кетейік, Астанадан арнайы барған 200 маман Ақтөбе облысындағы елді мекендерді аралап, теріс діни ағымға ерген адамдармен жеке-жеке жұмыс жүргізуде.

Оқылды 800 рет
JoomShaper
Top