ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (870-950)

Сәрсенбі, 02.10.2021

Әбу Наср әл-Фараби (870-950) – Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның  мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар (Фараб) қаласы. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби атанған. 

Әл Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқына сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып,дамуына зор үлес қосқан,араб,парсы,түркі тілдері қатар қолданылған. Соның ішінде рухани,ғылыми тіл араб тілі болған. Сондықтан да осы қалада сауат ашып,осы қалада білімге,ғылымға деген құмарлығы оянған. Әлемнің рухани дүниесі мен ғылымының орталығы болған Бағдатқа келуі грек,латын,санскрит т.б тілдерді үйренуіне жол ашады.


Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне,өнеріне өзіндік үлес қосып,із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзі жүзден астам. Әр ғылым салаларына қарай бөліп қарасақ: астрономия,астрология,математика,логика,музыка,медицина, табиғат ғылымдары,социология,лингвистика,поэзия-риторика,философия болып келеді.

XX ғасырдың  екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың мұрасын жинап,зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады.

Қазір Қазақстан ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елуге жуық еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған,ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл-мусуки әл-кабир», секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шаңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында Қазақстанның Иран мемлекетінде ең алғашқы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Мырзатай Жолдасбековтың әкелген қолжазбалары жеке бір қазынасы болмақ. 

Ол қолжазбалар қазір Алматы қаласындағы Әл-Фараби университетінің кітапханасында сақтаулы. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасына да жеткізілген.


Өмірінің соңына қарай Әл-Фараби Мысыр,Шам,Халеб қалаларында болып,ақырында Шам шаһарына келіп,сонда тұрақтайды.Осында қайтыс болады,денесі шаһардың Кіші қақпа (Баб ас – Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.


Әл-Фарабидің ісін жалғастырған,ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен ең алдымен Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның «Авиценна» есімін айтуға болады. Кейінгі кездері шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп де атайды. Сондай-ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ойшыл ғалымдар – Беруни,Бозжани,Омар хаямдар өздерін Әл-Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.

Әл-Фарабиден қалған сөздер

  1. Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
  2. Шыншылдық адалдықпен ағзалас.
  3. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
    Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
  4. Тәрбиесіз алынған білім –адамзаттың қас жауы
  5. Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
    Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.
  6. Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
    Кезде дағы әзәзілдер азғырған.
  7. Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
  8. Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.
  9. Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.
  10. Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
  11. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.
  12. Шын білім – ақиқат, анық білім.
  13. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
  14. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
  15. Мінез – жанның айнасы.
  16. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
  17. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
  18. Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
  19. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.
  20. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
  21. Өнер біткеннің бәрі бірдей – бір адамның құшағына сыймайды.
  22. Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.
  23. Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
  24. Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
  25. Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.
  26. Ғақлия көзбен қарасаң,
    Дүние – ғажап, сен – есік.
    Жаһлы көзбен қарасаң,
    Дүние – қоқыс, сен – меншік.
Оқылды 1025 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top