Періштелерге иман

Дүйсенбі, 26.08.2021

Періштелерге иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Періштелер ғайыб әлемінен, яғни, бізге көмескі әлемнен болғандықтан, біз оларды көзбен көріп, ақылмен толық қамтып түсіне алмаймыз.

 

«Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасаудан бас тартып, паңданбайды және құлшылық жасаудан шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп) тәсбих етеді» 

«Әнбия» сүресі

«Періштелер Алланың бұйырған нәрселеріне қарсы шықпайды және не бұйырылса соны қалтқысыз орындайды» 

«Тахрим» сүресі

ПЕРІШТЕ

Періштелерге иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Періштелер ғайыб әлемінен, яғни, бізге көмескі әлемнен болғандықтан, біз оларды көзбен көріп, ақылмен толық қамтып түсіне алмаймыз. Сондықтан, олар жайлы мағлұматты Құранның бізге жеткізген қасиетті аяттары мен Алла Елшісінің (с.а.у.) хадистері арқылы білеміз.

Құранда: «Алла Елшісі Раббы тарапынан өзіне түсірілгендерге иман етті және мүміндер де (иман етті). Барлығы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етті...», – делінсе, басқа бір аятында: «Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етпесе, қатты адасады...», – деп періштелерінің барлығынан хабардар етіп және оларға еш шартсыз иман етуді бұйырады. Негізінде періштелерге иман етпеу – Алла Тағаланың жер бетіне жіберген пайғамбарларына және оларға түскен кітаптарға иман етпеумен бірдей. Себебі, Ұлы Жаратушының адам баласына ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетіп, ақиқат пердесін ашу үшін түсірген барлық кітаптары уахи жолымен пайғамбарларына осы періштелері арқылы келіп жеткен. 

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ

 

Оқылды 902 рет
JoomShaper
Top