Көркем мінез

Дүйсенбі, 22.02.2022

Асуад ибн Касир есімді құдайшыл адам  өз дәуірінде ғалым әрі қази болған,  үлкен мансапқа ие, дәулетті Мұхаммед ибн Әлидің көркем мінезі туралы мынадай оқиғаны баяндайды:

– Мен Мұхаммед ибн Әли ибн Хусейінге барып, өзімнің мұң-мұқтажыммен бөлістім. Сосын отырып, қасымда жүрген достарымның немқұрайлығы және салқындығы жайында әңгіме қозғадым. 

Сонда Мұхаммед ибн Әли:

– Дәулетті кезіңде араласып, мұқтаж болған шағыңда тастап кететін бауыр – бауырдың ең жаманы, - деді.

Кейін ұлына қарап, маған жеті жүз дирһам салынған әмиянды беруін бұйырды. Сосын қолын иығыма қойып:

– Мынаны қажетіңе жарат. Егер таусылса, маған тағы хабар бер, - деп шығарып салды.

 

Әңгімеден шығатын түйін:

– алдыңа келген адамның сөзін бөлмей мұқият тыңдау;

– кішіпейіл болу;

– жақсы сөз айту;

– қолыңнан келгенше жәрдем беру;

– істеген жақсылығың үшін ақы дәметпеу және т.б.

Гүлнар ЖАЛАДИНҚЫЗЫ

Оқылды 822 рет
JoomShaper